365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Отандық ғалымдардың жерді гептил қалдығынан тазарту әдісін ресейліктер қолданып отыр

  • 251
  • UPD: 08:44, 21.08.2018

Еліміздегі экологиялық қауіпсіздікті жаңа технология арқылы қадағалауға болады. Бұл туралы «Ғарыш-Экология» ғылыми-зерттеу орталығының басшылығы айтты.

Орталық 2002 жылдан бері бірқатар жетістікке жеткен. Аталған саладағы тың технологияны ресейлік мамандар да өз тәжірибесінде пайдалануда.

Бүгінге дейін ғарыш айлағындағы гептил қалдығын залалсыздандыру бірнеше жылды қажет ететін. Ал қазір экологиялық аумақты бір жыл ішінде қайта шекті деңгейге жеткізуге болады. Отандық ғалымдардың мұндай өнертабысын ресейлік мамандар да кеңінен пайдалануда.

Алма Бимағанбетова, «Ғарыш-Экология» ғылыми-зерттеу орталығы» РМК Бас директордың орынбасары:

- Бірнеше жылдар бойы Гептилдің қалдықтарымен бірнеше рет қайта-қайта залалсыздандыруға тура келіп, күрестік төрт, бес жылдай. Ал осы біздің жасаған технологияны пайдаланып, бір жылдың ішінде біз Гептилдің мөлшерін шектеулі концентрация деңгейіне дейін төмендеттік.

Еліміздегі ғарыш кемелерінен туындайтын экологиялық жағдай бірқалыпты шекті деңгейде. Ол еліміздің үш аймағындағы арнайы орталық арқылы бақыланады. Байқоңыр мен Жезқазған қаласындағы ғылыми зерттеу орталықтары ауадағы, судағы, өсімдіктегі және топырақтағы қауіпті химиялық қалдықтардың мөлшерін анықтауға арналған. Ал Алматы қаласында ораналасқан зерттеу орталығы ғарыш кемелерінен бөлінетін қалдықтарды залалзсындандырып, экологияны қалпына келтіруді терең зерттейді.

Жайлаубай Жұбатов, «Ғарыш-Экология» ғылыми-зерттеу орталығы» РМК «Ғарыш-экология» Бас директоры:

- Зымыран тасығыштарды отын құю кезінде, олардың ұшуы кезінде біз шектеулі мөлшерден асқан ластануды осы уақытқа дейін тапқан жоқпыз. Космадромның өзінің экологиялық ахуалы бір деңгейде, қауіпсіз жағдайда, деп айта аламын.

«Ғарыш-Экология» ғылыми зерттеу орталығы құрылғалы бері Байқоңыр ғарыш айлағынан 158 зымыран ұшыру жұмысына қатысып, экологиялық жағдайды жіті қадағалуда.

Авторлары: Аршын Кемелжан, Ерлан Әбжанов

Осы категория бойынша: « Тараздағы саябақтарда ағылшын тілі тегін үйретіледі Жаңа оқу жылы. Оқулықта олқылық бар ма? »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы