369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жаңа оқу жылында елімізде 350 мыңға жуық бала 1-сыныпқа барады

  • 315
  • UPD: 19:48, 22.08.2018

Жаңа оқу жылында 3 млн астам бала мектепке барады. Оның 350 мыңға жуығы алғаш рет мектеп табалдырығын аттағалы тұр.

Бұл туралы Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі мәлім етті. Ерлан Сағадиевтің айтуынша, қазір жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр. Оған дәлел жаз мезгілінде 21 мектеп ашылды. Республикалық бюджет есебінен 110 мектеп салынып жатыр. Оның 72-сі биыл пайдалануға беріледі. Сондай-ақ 166 мектепте жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі:

- Жаңа оқу жылында күрделі жөндеу 99 балабақшада жүріп жатыр. Оның 72-інде аяқталды. 27 балабақшада жөндеу жұмыстары, 85 пайыз орындалған. Қалған балабақшада жөндеу жұмыстарын 31 тамызда аяқтау жоспарланған. Жалпы жергілікті бюджет қаражаты есебінен күрделі және ағымдағы жөндеуге балабақшаларға 1 млрд 300 млн тг көзделген.

Биыл 3, 6, 8 сынып оқушыларына оқулықтар сатып алу үшін 28 млн теңгеден астам қаржы бөлінген. Министрлік оқулықтардың жеткілікті болуына мониторинг жасайды. Сондай-ақ 275 мыңнан астам оқушы тегін тамақпен қамтамасыз етіледі деп жоспарланған.

Осы категория бойынша: « Жаңа оқу жылы. Оқулықта олқылық бар ма? «Болашақ» стипендиясы 128 үміткерге тағайындалды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы