369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елорданың білім мекемелері тұрмыстық қалдықтарды сұрыптаудан сайысқа түседі

  • 183
  • UPD: 08:32, 24.08.2018

Елордадағы білім беру мекемелерінде қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау жүйесі енгізілмек.

Жаңа оқу жылынан бастап сары және жасыл түсті контейнерлер 86 мектепке орнатылады. Сондай-ақ балабақшалар мен колледждер де назардан тыс қалмайды. Алдағы уақытта пилоттық жоба Қарағанды, Қостанай және Петропавл қалаларында қолға алынбақ. Заманауи бастаманы жүзеге асыру үшін қалалық білім басқармасы, тұрмыстық қалдықтарды жинайтын компания және әлеуметтік маңызы бар бастамаларды дамыту қорының басшылары арнайы меморандумға қол қойды. Енді әрбір мекеме тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау, өңдеу бағытында жан-жақты мәлімет алып, жобаны дамытуға атсалысады. Ал жыл бойы үздік нәтиже көрсеткен білім беру ошақтары «Экочеллендж» сайысының жеңімпазы атанады. Бас жүлде иегеріне 2 миллион, екінші орынға 1 миллион және үшін орын үшін 500 мың теңге көлемінде сыйақы беріледі. Байқау қорытындысы келесі жылы тамыз конференциясында белгілі болады.

Гүлсая Қыдырбаева, жоба менеджері:

- Жаз бойынша біз сары, жасыл контейнерларды қойған жерде кішкентай балалармен ойын ретінде түсіндіріп кеттік қоқыстарды қалай бөлу керектігін. Тағы біз әдістемелер дайындап қойғанбыз. Осы конфренцияда 100 мектепке таратамыз. Ол әдістемелерде қойылма спектакль ретінде көрсетілген.

Осы категория бойынша: « «Болашақ» стипендиясы 128 үміткерге тағайындалды Астанадағы 5 мектеп пен 3 колледж пилоттық режимде латын әліпбиіне көшіріледі »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы