365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысында балабақша ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілді

  • 186
  • UPD: 19:32, 25.08.2018
Қостанай облысында балабақша ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілді

Қостанай облысының Жітіқара қаласында балабақша ғимараты жаңартылды. 120 орындық нысан білім күні қарсаңында пайдалануға беріледі.

Мұнда алғашында қан орталығы орналасқан болатын, кейін балалар емханасының міндетін атқарды. Ғимаратты қайта жаңғырту жұмыстары былтыр басталды. Жоба мемлекет пен жекеменшік әріптестігі аясында жүзеге асып отыр. Жөндеу мен жабдықтауға 220 млн теңгеден аса қаржы жұмсалған. Сонымен қатар жиһаз бен ойыншықтар, оқу процесіне қатысты көрнекіліктер сатылып алынды. Жаңа балабақшада 5 топ тәрбиеленетін болады.

Майра Бимағамбетова, Жітіқара аудандық білім бөлімінің басшысы:

- 120 баланың 25-ін біздің жекеменшік әріптестер жібереді. Қалған 95 баланы біз аудандық білім бөлімінде тіркелген кезек бойынша аламыз. Қазір бізде нақты есепке сәйкес 850 бала кезекте тұр.

Осы категория бойынша: « Ақтөбе облысында 600 орындық мектеп-гимназия қолданысқа берілді Жамбыл облысында 9 мектеп қолданысқа беріледі »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы