369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жамбыл облысында 9 мектеп қолданысқа беріледі

  • 200
  • UPD: 22:02, 25.08.2018

Биыл Жамбыл облысында білім беру жүйесін қаржыландыруға 106 млрд теңге бөлінген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 8 млрд теңгеге артық.

Оның 7,4 млрд теңгесі білім беру нысандарының құрылысы мен күрделі жөндеуге қарастырылған. Қазір 14 нысанының құрылысы жүргізіліп, алдағы оқу жылына өңірде 9 мектеп пайдалануға берілмекші.  Бұл туралы ұстаздардың тамыз кеңесінде мәлім болды. Аймақта жалпы білім беретін мектептерде 24 мың мұғалім жұмыс істейді. Жаңа оқу жылында 26 мың бүлдіршін мектеп табалдырығын аттағалы отыр. Жекеменшік балабақша үлесі 25 пайызды құрайды. Ал 3-6 жастағы балаларды балабақшамен қамту көлемі 91 пайыздан асқан. Облыста оқушы орнының тапшылығы да жоқ емес. Мәселен әлі күнге дейін үш ауысымда 4 мектеп жұмыс істесе, апатты жағдайдағы 7 нысанда оқушылар сабақтарын жалғастыруға мәжбүр. Жалпы 64 пайыз мұғалім жаңартылған мазмұн бойынша курстан өткен.

Серік Кенжебаев Жуалы ауданындағы №17-мектептің директоры:

- Біз енді жаңарған білім мазмұны несінде жұмыс жасап жатырмыз, бірнеше жыл болды. Мұғалімдердің барлығы курстардан өтті негізінде, барлығы біледі. Қазір 3 тілділікті оқып жатыр, физика, химия, биология, информатика пәндерін оқып жатыр.

Осы категория бойынша: « Қостанай облысында балабақша ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілді Қарағандыда оқушыларға арналған технопарк ашылады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы