374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралда жас мұғалімдердің слеті өтіп жатыр

  • 375
  • UPD: 18:46, 28.08.2018

Оралда «Идея. Ізденіс. Шабыт» атты жас педагогтар слеті өтіп жатыр. Аталған шара облыстық білім басқармасының «Өсу векторы» мектебі аясындағы тың жоба болып табылады.

Мақсат - еңбек өтілі 3 жылға дейінгі жас ұстаздарды жаңа білім беру мазмұнының жай-жапсарымен жақынырақ таныстыру. Сол арқылы шәкірт психологиясын терең түсінетін оқу-тәрбие үрдісінде жаңашыл әдіс-тәсілдерді молынан енгізуге қабілетті мамандардың біліктілігін шыңдау. Үш күнге созылатын слетке облыс мектептерінде еңбек етіп жүрген 100 педагог маман келген. Олар сөйлеу мәдениетін меңгеру, әлеуметтік желіні тиімді пайдалану, командамен жұмыс әдістерін игеру сияқты танымдық тренингтерге қатысты. Сонымен қатар облыстағы үздік білім беру ұйымдарының тәжірибесімен танысуға мүмкіндік алды. Түрлі тақырыптық сессиялар мен спорттық марафондардың ортасынан табылды.

Абай Меңжасов, Ақжайық ауданы Ораз Исаев атындағы орта мектебінің мұғалімі:

- Қазіргі кезде жаңартылған білімге көшуге байланысты мұғалім жаңашыл, креативті және тапқыр болуы керек деп ойлаймын. Қазіргі кезде оқушының мұғалімнің бұрынғыдай сабақты басқарушы емес, бағыттаушы екенін айтқым келеді. Яғни мұғалім бағыт бергеннен кейін оқушы өзі дамиды. 

Аягөз Хамзина, облыстық білім басқармасы жанындағы әдістемелік кабинеттің директоры:

- Алдағы күтілетін нәтижеміз осы бүгін 100 мұғалім осы жерден үлгі-өнеге, тәжірибе алып кетсе, ертеңгі күні олардың баламен жұмыс жасауы барысында қарапайымдылықпен балаға сіңімді түрдегі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, ортақ тіл табысу пайда болады деп ойлаймын.

Осы категория бойынша: « Көкшетауда студенттерге жатақхана жетіспей жатыр Елімізде «Академиялық адалдық лигасы» құрылды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы