365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алдағы уақытта еліміздің барлық аймағында IT лицейлерін іске қосу көзделіп отыр

  • 232
  • UPD: 22:32, 29.08.2018

Еліміздегі мектептерде робототехника, бағдарламалау және 3D-принтинг сыныптары ашылып жатыр.

Ал алдағы уақытта барлық аймақта IT лицейлерін іске қосу көзделіп отыр. Баспасөз өкілдерімен өткен кездесу барысында Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев осылай деді.

«Алдағы оқу жылының басты міндеті – өзіміздің жұмыстарымызды әрі қарай үлкен жауапкершілікпен жалғастыру, білім ұйымдарының жауапкершілігін көтеру». Баспасөз өкілдерімен өткен кездесуді еліміздің бас ұстазы Ерлан Сағадиев осылай деп бастады. Мақсат айқын, енді іске кірісу керек. Бірер күннен соң республика бойынша 3 млн-нан астам оқушы мектепке жол тартады. Оның ішінде 350 мың бүлдіршін үшін алғашқы қоңырау үні сыңғырлайды. Осы ретте 110 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Оған мемлекеттік бюджеттен 53 млрд теңге бөлінген. Алайда бұл жайт бірнеше ауысыммен оқу мәселесін түбегейлі шешпейді.

1 қыркүйектен бастап жан басына қаржыландыру механизмі елордадағы 79 мемлекеттік және 8 жекеменшік мектепте енгізіледі. Ал 2020 жылы бұл жүйе барлық қала мектептерінде іске асады. Сондай-ақ жиын барысында өзекті мәселелердің бірі – оқу орындарын кітаптармен қамтамасыз ету жайы да қозғалды. Бүгінде білім ошақтарына оқулықтарды жеткізу 99,4 пайызды құрайды.

Мұғалімдердің мәртебесін көтеру және біліктілік талаптарын күшейту жайы министрлік назарында.

Соңғы деректер бойынша 205 мың ұстаздың жалақысы 30 пайызға артқан. Сондай-ақ мамандар үй аралап, бала тізімін жазу міндетінен босатылды. Толтыратын қағаздар қатары да бесеуге дейін азайды. Аттестаттаудың жаңа жүйесі енгізіліп, директорларды тағайындаудың қағидалары да өзгерді. Бұдан бөлек, педагог пен ата-ана құқығын қорғайтын келісімшарт бекітілді.

Бұдан бөлек, еліміздің колледждерінде оқытылатын 109 және жоғары оқу орындарындағы 17 мамандықтың лицензиясы кері қайтарылды. Енді олардың орнына сұранысқа ие бағыттарды дамыту көзделген.

Соңғы жылдары тегін кәсіптік-техникалық білім беру бағдарламасы бойынша оқитын студенттер саны 54 пайызға артқан. Осыған орай, бұл бағытта қызмет ететін ұстаздардың беделін арттыру үшін 2020 жылдан бастап Ұлттық біліктілік тестілеуін енгізу жоспарда бар.

Осы категория бойынша: « Түркістан облысының барлық аудандарына жаңа оқулықтар жеткізілді Елордадағы мектеп-интернат оқушылары жазғы демалыста робот құрастыру үйірмесіне қатысты »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы