374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Вьетнамда Азияның 12 құрамасы робот құрастырудан жарысты

  • 173
  • UPD: 09:41, 30.08.2018

Қазақстандық құлтемірлер Вьетнамда доп ойнады. Отандық команда «ABU Robocon 2018» робототехника байқауына қатысты.

Азияның үздік 12 құрамасы Нинбин қаласында жүлделі орындарға таласты. 

Қазақстандық студенттер аренаға шығуға дайын. Алюминий қаңқадан, электроқозғалтқыштан, миркожүйеден және пластикалық шөлмектерден құрастырылған механизмнің құны 10 мың доллар және 2 жарым ай уақыт. 

Осындай екі механизм байқау ұйымдастырушылары қойған тапсырмаларды орындауы керек. Шарт дәстүрлі вьетнам ойынына негізделген. Ойын ережесіне сәйкес, құлтемір қарсылас роботқа доп жеткізуі тиіс. Екіншісі допты шығыршыққа түсіруі қажет. Бұл адамдарға оңайға соқпағанымен, роботтар үшін күнделікті жаттығу іспетті. Ал Қазақстан туы «ABU Robocon 20180» қатысушыларына бұрыннан белгілі. Өйткені еліміз Орталық Азиядан байқауға қатысып жүрген жалғыз мемлекет. Байрақты бәсекеге Азия-Тынық мұхиты хабар тарату одағына мүше елдердің техникалық жоғарғы оқу орындарының студенттері ғана қатыса алады. Ал «Хабар» Агенттігінің аталған одаққа мүше болғанына биыл 20 жыл толып отыр.

Джавад Моттаги, Азия-Тынық мұхиты хабар тарату одағының бас хатшысы:

- Мен Робокон болашағына үлкен сеніммен қараймын. 17 жылдық тарихы бар ойындағы бәсеке жыл сайын күшейіп келеді. Байқағаныңыздай қатысушылар мен жанкүйерлер бұл шараны қолдайды. Өйткені тек жастар ғана кемел келешек үшін жаңа технологияларды игеруді жалғастырмақ. 

- 2012 жылдан бері байқауда еліміздің намысын  Халықаралық ақпараттық технологиялар институты қорғап келеді. Команда жетекшісі Нұрлан Кәрімжанның өзі бір кездері Робокон ойындарына қатысқан. АҚШ-тағы магистратурада оқуын тәмамдаған соң елге оралып, өзі оқыған жоғары оқу орнына оқытушы болып жұмысқа тұрды. Бүгінде міне конструкторлар командасын басқарады. Осындай жарысты Қазақстанда өткізу Нұрланның ендігі арманы.

Нұрлан Кәрімжан, Халықаралық ақпараттық технологиялар институты зертханасының меңгерушісі:

- Робокон ойындарында экономикасы озық елдердің қатысушылары фавориттер қатарынан жиі көрініп жатады. Мәселен, Қытайдан 200 команда бар. Олардың өзара бәсекелестігінің қаншалықты жоғары екенін осыдан-ақ байқауға болады. Үндістанда да осы жағдай. Жуырда мысырлық құрама мүшелерімен әңгімелестік. Олардың айтуынша, бір университет қабырғасында жеті команда ел намысын қорғау үшін өзара сайысып жатыр. 

Мардон Тәжіханов, Халықаралық ақпараттық технологиялар институтының 4-курс студенті:

- Жоғарғы оқу орны басшылығы бізді қолдап, бүгінде идеяларымызды жүзеге асыру мүмкіндігіне ие болып отырмыз. Өзге елдердің де конструкторларымен танысып, өзара тәжірибе алмасуға болады.

Ойын қорытындысы бойынша алаң иелері жеңімпаз атанды. Қазақстандықтар Қытай мен Үндістан өкілдерін басып озбаса да, байқаудан үлкен тәжірибе алды. Енді келесі дода 2019 жылы Моңғолияда өтеді деп жоспарланып отыр.

Авторлары: Владислав Цой, Ольга Лян

Осы категория бойынша: « Елордадағы мектеп-интернат оқушылары жазғы демалыста робот құрастыру үйірмесіне қатысты Ақтауда смарт мектеп ашылады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы