365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтауда смарт мектеп ашылады

  • 418
  • UPD: 10:18, 30.08.2018

Ақтауда алғаш рет smart мектеп ашылады. Заман талабына сай салынған ғимаратта бастан-аяқ цифрлық білім беру технологиясы енгізілген.

Яғни «Ақылды мектеп» жобасы аясында білім ордасына бақылау-өткізу құрылғылары мен ақпараттық терминал орнатылды. Терминалдың артықшылығы сонда ата-аналар мектеп, оқушылар мен мұғалімдер, сабақ кестесі туралы толық ақпаратты ешкімнің көмегінсіз ала алады. Жаңа оқу жылынан бастап, 1 мың 800 оқушы ақпараттық технологияны тереңірек меңгеріп, киберфизикалық жүйелерді интеграциялауды, бағдарлама әзірлеп, роботтар құрастыруды үйренеді. Су жаңа мектепте жаңа технологиялармен жабдықталған кабинеттерден өзге халықаралық талаптарға сай келетін футбол алаңы және ақылды жылыжай бар. Смарт жылыжай автоматты түрде жұмыс істейді. Суару, жылыту және жарық беру жүйесі тәуліктің әр мезгіліне қарай өздігінен реттеледі. Мұнда балалардың теориялық білімін тәжірибемен ұштастырып, жаңалық ашуына толық жағдай жасалған.

Жайна Ізтұрғанова, №29 мектеп директорының міндетін атқарушы:

- Жалпы 2020 жылға қарай мектептерде математика, ауылшаруашылық инженириясы, биотехнологиялар, роботтар техникасы, 3Д дизайн, аэроғарыштық инженирия өзекті оқу пәндеріне айналады деп күтіліп отырған болса, біздің мектепте осы салаға байланысты жақсы жетістіктеріміз, жақсы жаңалықтарымыз бар деп мақтанышпен айта аламыз. Себебі біздің мектепте ақылды мектеп, смарт жылыжай, стем-зертхана, интеллектум кабинеті және сонымен бірге емдеу-сауықтыру кабинеті, көшбасшы кабинеті қазіргі кезде жұмыс жасауға дайын тұрмыз.

Осы категория бойынша: « Вьетнамда Азияның 12 құрамасы робот құрастырудан жарысты Маңғыстау облысында мұғалім жетіспеушілігі өткір сезіліп отыр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы