365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде психологтардың біліктілігін арттыру бағдарламасы жемісін берді

  • 231
  • UPD: 20:32, 31.08.2018

Елімізде қоғамдық ұйымдардың көмегі мен мемлекеттік превенция бағдарламасының арқасында еліміздегі жасөспірімдер суициді соңғы жылдары үштен бірге азайған.

Бұл туралы Алматыда өткен баспасөз мәслихаты кезінде «Әйелдер көшбасшылығы қорының» жоба жетекшісі Светлана Богатырева хабарлады. Аталған қоғамдық қор бірнеше жыл бұрын мектеп базасында отбасыларға тегін кеңес берумен айналысатын педагог-психологтардың және әлеуметтік педагогтардың біліктілігін көтеруге арналған бағдарламаны бастаған еді. Жоба аясында психологтар жасөспірімдер суицидінің алдын алу жөнінде де білімдерін жетілдірген. Қазіргі таңда халықаралық тәжірибені меңгерген 300-ден астам маман республиканың әр аймағында жұмыс істеп жатыр. 

Светлана Богатырева, «Әйелдер көшбасшылығы қорының» жоба жетекшісі:

- Бұл бағдарлама өзінің тиімділігін дәлелдеп отыр. Негізгі мақсаты педагог-психологты тек баламен ғана емес, оның ата-анасымен де тығыз қарым-қатынас орнатуға үйрету. Мектеп пен отбасы арасында жақсы байланыс болса күрмеулі көп мәселені шешуге болады. Сондықтан жобаны орта жолда қалдырмай жалғастыруды жөн санап отырмыз. Шетелдік мамандардан тәлім алған қазақстандық психологтар енді өзге әріптестерін үйрететін болады.

Осы категория бойынша: « Маңғыстау облысында мұғалім жетіспеушілігі өткір сезіліп отыр Ақтөбелік студенттер жатақханаға интернет арқылы орналасып жатыр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы