364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырау облысындағы мектепте ұстаздық етуді қалайтын жастарға баспана беріледі

  • 263
  • UPD: 20:40, 31.08.2018
Атырау облысындағы мектепте ұстаздық етуді қалайтын жастарға баспана беріледі

Атырау облысының білім беру саласы да  жаңа оқу жылын біршама қиындықпен бастағалы тұр.

1 қыркүйек күні облыс бойынша 118 мың оқушы мектепке барады. Алты мектеп «апатты» деп танылғандықтан онда білім алған балалар енді басқа мектептерге ауысуға мәжбүр. Ал бірінші сыныпқа биыл 15 мыңға жуық бүлдіршін барады. Яғни әр мектепте 10-14 бірінші сынып ашылады. Кейбір сыныптарға 45 балаға дейін қабылданбақ. Шешімі қиын тағы бір мәселе бар. Ол ұстаз тапшылығы. Облыстағы мектептерге жалпы 305 педагог жетіспейді, ал оның 272-сі орыс сыныптарының мұғалімі. Тек орыс тілі мен әдебиеті пәніне 79 мұғалім қажет. Білім беру саласына жауапты мамандар қазір көрші облыстардан мұғалімдер шақырып отыр. Сырттан келген мамандарды баспанамен қамту мәселесі де шешіліп жатыр.   

Алмабек Абдолов, Атырау қалалық білім беру бөлімі басшысының м.а:

- Орал, Ақтөбе қалаларына біздің бөлім басшысы барып, жәрмеңкелерге қатысып келді. «Келем» деп отырған түлектер бар қазіргі уақытта есебіміз бойынша орыс сыныптарына 45 мұғалім келеді деп жоспарлап отырмыз. Орыс сыныптарына жетіспейтін мұғалімдер бұлар негізгі пәндер биология, физика, математика сонымен қатар дене тәрбиесі, ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері жетіспейді.

Осы категория бойынша: « Ақтөбелік студенттер жатақханаға интернет арқылы орналасып жатыр Шымкенттегі кейбір мектептер жаңа оқу жылына дайын емес »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы