365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкенттегі кейбір мектептер жаңа оқу жылына дайын емес

  • 191
  • UPD: 22:08, 31.08.2018

Шымкенттің кейбір мектептері жаңа оқу жылына дайын емес. Мәселен, шаһардағы №30 Ораз Жандосов атындағы орта мектепте әлі де күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

Құрылысқа жауапты мердігер мекеме кестеден бір айға кешігіп жатқанын айтады. Оған себеп те жоқ емес. Білім ошағының күрделі жөндеу жұмыстарына 320 миллион теңге бөлінген. Дегенмен мердігер компания мектеп ғимаратының  сейсмикалық тұрғыдан нығайту, қабырғаларын толықтай қайта құру жұмыстарын жасаған. Бұл күрделі жөндеуге мүлдем жатпайды екен.

Ал қаладағы №64 мектептің жайын өткен жаңалықтарымызда айтқан болатынбыз. «Ұстаздарды мектептің жөндеу жұмыстарына тартты» делінген бұл білім ұясы жаңа маусымға толық дайын. Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізген мердігер мекеме сөзінде тұрып, 1 қыркүйекке дейін мектепті жаңалап тапсырған.

Мырзабай Күзенбаев, мердігер мекеме өкілі:

- Капремонт деп берілгенімен негізгі оценкасы реконструкция. Өйткені ғимарат ескі. Реконструкция болғаннан кейін ол күрделі. Жұмыстың циклы бірінен-бірі ауысқаннан кейін оған ұзақтау уақыт кетеді. Қазан айында бітіреміз деп жоспарлап отырмыз.

Полина Цатышаева, №30 Ораз Жандосов атындағы орта мектеп директорының орынбасары:

- Оқушылар өзге үш мектепке бөлінді. Мысалы, №2 мектепке 10 сынып, №44-мектепке екі сынып, сондайақ бастауыш сыныптарда осы мектепте білім алады. Ал №12 мектепте 1-9 аралығындағы қазақ сыныптары оқитын болады. 5 пен 9 аралығындағы орыс сыныптарында осында жібердік. Барлық мектептерде балаларға білім алуға жағдай жасалды. Енді мұның барлығы уақытша ғой. Өз мектебіміздің бітуін асыға күтеміз.

Осы категория бойынша: « Атырау облысындағы мектепте ұстаздық етуді қалайтын жастарға баспана беріледі 1 қыркүйек – Білім күні »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы