365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жамбыл облысында жаңа 9 мектеп қолданысқа берілді

  • 351
  • UPD: 18:02, 01.09.2018

Жамбыл облысында Білім күні 9 мектеп қолданысқа берілді.

Сөйтіп өңірде үш ауысымда жұмыс істеп келген үш мектеп пен үш апатты жағдайдағы білім ошақтарының мәселесі біржола шешілді. Білім нысандары «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша салынған. Жалпы биыл аймақтағы 447 мектепте алғашқы қоңырау соғылып, сабақ басталды.

Руслан Бақытбекұлы, тілші Twitter@rusput_24kz

– Бұдан былай Жамбыл облысында үш ауысымда білім беретін мектептер жоқ. Бұл мәселе толықтай 100 пайыз шешілді. Бұған жаңа мектептер салынуының арқасында қол жетіп отыр. Міне мына мектеп-лицей жаңа ғана ашылып, алғаш рет қоңырау соғылды. Бұған дейін бұл мөлтек ауданда мектеп мүлдем болмаған. Оқушылар қаладағы басқа білім ошақтарына қатынап оқитын.

Олар биылғы оқу жылында зәулім ғимараттың табалдырығын зор қуанышпен аттады. Мұнда материалдық-техникалық базасы заманауи үлгіде жабдықталған. 1200 балаға дейін еркін сыйып кетеді. Қажетті лингафон және мультимедиялық оқу сыныптары, спорт және акт залы бар. Сабақ мемлекеттік тілде өтеді. Мұнда 170 білікті педагог жұмыс істейді. Балалар мен ата-аналардың қуанышында шек жоқ.

Аманкүл Омарова, қала тұрғыны:

– Мектеп ашылып қуанып жатырмыз. Бүгін бірінші сыныпқа немеремді әкеліп отырмын. Қуаныштымын. Үйдің жанында. Енді уайымдамаймыз. Жолды да салды.

Әмина Сәбитқызы, оқушы:

– Бізге осындай үлкен мектеп салып бергеніне алғыс айтамын. Мен енді сабағымды тек қана жақсы оқимын. Мектеп маған ұнады. Ішінде өте керемет нәрселер бар екен.

Руслан Бақытбекұлы, тілші Twitter@rusput_24kz

– Жаңа мектептер шалғайдағы Қордай ауданы, Талас, Жуалы, Байзақ, Меркі аудандарында бой көтерді. Одан бөлек, облыста тағы 5 мектеп салынып жатыр. Құрылыс жұмыстарын 2019 жылы аяқтау жоспарда. Сонымен қатар 221 білім нысанын ағымдағы жөндеуден өткізуге 232 миллион теңгеден астам қаражат бөлінген.

Жалпы биыл өңірде 215 мыңнан астам бала мектепке барды. Оның 26255-і – бірінші сынып оқушылары. Жаңа оқу жылынан бастап 3,6 және 8-сынып оқушылары жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес оқиды. Сондай-ақ тұңғыш рет «Өлкетану» курсы оқытылмақ. Сосын өткен жылы химия, физика, биология, информатика пәндері ағылшын тілінде тек 5 мектепте оқытылса, биыл 185 мектепте жүргізіді.   

Рахия Тұрмаханбетова, облыстық білім басқармасының басшысы:

– Оқушылардың барлығын кітаппен қамтамасыз ету 100 пайыз барлығы мектептерге жеткізіліп берілді. Артығымен кітаптар алынған болатын. Сондықтан да ата-аналдардың тарапынан оқушылардың тарапынан ондай проблема болмайды деп ойлаймыз. Бүгін тәрбие сағаттары болып жатыр. Сабақ 3 қыркүйек күні толығымен басталатын болады. Барлығының сабақ кестесі жасалған.

Руслан Бақытбекұлы, тілші Twitter@rusput_24kz

– Дегенмен аймақта апатты жағдайдағы 4 мектеп қалып отыр. «Облыстық білім басқармасы бұл мәселе 2020 жылға дейін кезең-кезеңімен шешіледі», – дейді. Сонымен қатар 35 елді мекенде мектеп жоқ. Ауыл балаларын тасымалдап оқытуға 88 автобус қарастырылып отыр.

Авторлары: Руслан Бақытбекұлы, Бақытжан Бапаев

Осы категория бойынша: « Ақтауда алғаш рет смарт-мектеп ашылды «Көгілдір желкен» білім беру желісінің құрылғанына 25 жыл толды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы