364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылордалық мұғалімдер озық технологияны оқу ісінде тиімді пайдаланып отыр

  • 352
  • UPD: 08:37, 05.09.2018

Сыр өңіріндегі оқу ошақтары сандық технологияға ерекше ден қоя бастады. Электронды кітап, интерактивті карта мен тақта, автоматтандырылған күнделік жүйесі секілді ресурстар білім сапасын арттыру тұрғысында тиімді пайдаланылуда.

Қызылордадағы нөмірі 3-ші мектеп-лицей өңірдегі алғашқы инновациялық білім ұяларының бірі болмақ. Оқу ошағы IT бағытта дамып келеді. Сандық технологиялар уақыт пен шығынды азайтатыны анық. Дегенмен, ұстаздар қауымы озық бастамалардың мүмкіндік аясы тым жоғары екенін айтады. 

Аманғали Есімов, №3 мектеп-лицей директорының орынбасары:

- Өскелең ұрпақты математика, химия, биология, информатика бағытында дамытуға күш беру. Біз бұрын көбіне гуманитарлық бағытта болсақ, қазіргі таңда барлық мектептер осыған көшіп жатыр.

Ал дарынды балаларға арналған №2 мектепте биыл география сыныбы сандық технологияға сай жабдықталды. Интерактивті тақта, атлас, картаны, электронды кітаптарды оқушылар емін-еркін пайдаланып жүр. Ендігі кезекте қазақ, орыс, ағылшын тілі кабинеттерін де осы жүйеге сай ету жоспарда бар.

Мөлдір Смаханова, №2 «Мұрагар» мектебі директорының орынбасары:

- Интернет желісі арқылы әрбір оқушы үйде отырып, өзінің тапсырмасын көре алады немесе мұғаліммен интернет байланыста болып оқи алады. Және электронды кітаптарды, әдеби кітаптарды оқуға мүмкіндік береді. 

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясындағы жаңашылдықтар мектептерден бөлек, колледждер мен балабақшаларға да енеді. Ол үшін инфрақұрылымды дамыту жобалары да қолға алынып отыр. 

Майра Меделбекова, облыстық білім басқармасының басшысы:

- Әлеуметтік серіктестік жобалары арқылы 8 мың компьютер алынып жатыр жылдың аяғына дейін барлық мектептерге, әсіресе күнделікті жұмыста отыратын мұғалімдерге берілетін болады. Сонымен қатар жылдың аяғына дейін  3D лаборатория, инновациялық лабораториялар барлық мектептерге жеткізілетін болады. 

Айта кетейік, бүгінде облыстағы мектептердің 93 пайызы интернетке қосылған. Биыл бұл көрсеткішті 100 процентке жеткізу межеленіп отыр. Ал 92 оқу ошағында робототехника кабинеттері, ал 9 оқушылар сарайында 3D зертханалар ашылды. 

Авторлары: Нұрлан Жақыпбеков, Қанат Еңсебаев

Осы категория бойынша: « Алматы облысының колледждерінде жаңа мамандықтар ашылды Қазақстан Ауғанстан балаларына жоғарғы білім беруді жалғастырады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы