365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде «Балаңа үлгілі бол» акциясы басталды

  • 417
  • UPD: 14:29, 08.09.2018

Баланың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету ата-ананың мойынында. Алайда жұмысбасты жұрттың кейде ұрпағына қарауға уақыты бола бермейді.

Тіпті бұл мектептің шаруасы деп білетіндер бар. Соңғы кездері қоғамда жеткіншектерге қатысты түрлі келеңсіз жағдайлар көбейді. Бұл ата-ана мен бала арасындағы тікелей қарым-қатынастың әлсіреуінен. Бүгін елімізде осы мәселелерді шешу мақсатында «Өз балаңа үлгі бол» акциясы басталды. Республикадағы орта мектеп табалдырығын енді аттаған бүлдіршіндердің ата-аналарына арналған жиында тәрбие мен білім беру, діни сенім, медицина тақырыптарында кеңестер айтылды. 22 қазанға дейін жалғасатын жиналыс сенбі-жексенбі күндері әр сыныптың ата-аналарына өтіп тұрады. Жоспар бойынша екі айдың ішінде еліміздегі екі жарым миллион ата-ана мамандардың кеңесін алады.

Гүлнаш Қошқарова, ҚР БҒМ Балалар құқығын қорғау комитетінің басқарма басшысы:

- Осы жиналыста ата-аналарға ұсыныстар таратылады. Ата-аналар атақты елдің азаматтарымен кездеседі. Кәсіпті сондай мамандармен кездеседі. Оның ішінде интернеттен баланы қорғау, оның ішінде деструктивті тәрбие, оның ішінде біз айтамыз балалардың ауто-деструктивті суицидке қарсы тәрбиенің бәрін осы жылдың басында әрбір ата-анамен сондай жұмысты жоспарлап отырмыз.

Жанар Ермекова, ата-ана:

- Мұндай конференциялар өтіп тұруы керек. Себебі көптеген ата-аналар алғаш рет баласын мектепке алып келіп жатыр. Және бағдарлама өзгерді мектепте, Көп түсінбейтін мәселелер мұндай жерде айтылуы керек, тақылануы керек деп ойлаймын.

Осы категория бойынша: « Елімізде республикалық ата-аналар конференциясы өтіп жатыр Мәскеуде балаларға қиял-ғажайып жанрында жазылған қазақ тіліндегі кітап таныстырылды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы