374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Талдықорғанда инклюзивті білім беруші балабақшалар ашылды

  • 259
  • UPD: 14:05, 11.09.2018
Талдықорғанда инклюзивті білім беруші балабақшалар ашылды

Талдықорған қаласының мектепке дейінгі бірқатар мекемелерінде бүлдіршіндердің танымдық қабілеттерін арттырып, жылдам санаумен қатар тез оқуға баулитын бағдарламалар қолданыла бастады.

Тіпті қалыпты балалар мен ерекше күтімді қажет ететін бүлдіршіндерді бірге тәрбиелейтін инклюзивті балабақшалар да ашылуда. 

Талдықорған қаласындағы балабақшалардың бірінде ересектер тобының тәрбиеленушілері әр күнді осылай амандасудан бастайды. Мұнда үштілділік мәселесі белсенді жүргізілуде. Тағы бір ерекшелік – балаларды анық сөйлеуге, әріп танығаннан кейін жеделдетіп оқуға, сөздерді буынға бөліп айтуға, санауға және кері санауға үйретеді. «Тәжірибе өз жемісін беруде. Бүлдіршіндердің арасындағы байқауларда 2 баланың бас жүлдеге ие болуы соның нәтижесі»,- дейді тәрбиешілер. Қаладағы 5 балабақшада тәрбие беруге қатысты жаңа тәсілдер енгізілуде. Оның бірі балаларды еркін тәрбиелейтін Монтессори жүйесі, екіншісі – бүлдіршіндерді тапқырлыққа баулитын Альтшуллер теориясы. Бұлардан бөлек, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасына байланысты жаңа жобалар қолға алынып жатыр. Соның ішінде автоматтандыру жүйесінің орыны бөлек. Облыс бойынша оған 50 миллион теңге бөлінген. Қазір мектепке дейінгі 4 мекемеде тестілеу жұмыстары жүргізілуде.

Гүлжан Елубаева, облыстық білім басқармасының бөлім басшысы:

- 2018 жылдың соңына дейін бұл жүйені қолданысқа енгізу жоспарлануда. Жалпы, бұл жүйемен 80-ге жуық пайыз мектепке дейінгі мекемелер қамтылады. Ал алыс ауылды мекендерде бұл информатикалық-телекоммуникациялар жүйелері қалай жүргізіледі соған қарай болады.

300 орындық мына балабақшада кәдімгі қалыпты балалармен бірге көздерінде әртүрлі кемістігі бар бүлдіршіндер де тәрбиеленеді. Олар үшін барлық жағдай жасалған. Ғимаратың кіре берісіне пандустар жасалған. Брайл әріптері де бар.  Заманауи медициналық аппараттардың түр-түрі  қолданылады. Балалармен білікті мамандар жұмыс істейді, ақыл-кеңестерін айтады. «Мына компьютерлік ойындардың бала жанарына пайдасы болмаса, зияны жоқ» дейді олар.

Айым Төлепбергенова, аралас балабақша меңгерушісі:

- Бізде жанарының кемістігі бар балалардың 78 проценті айығып кетеді. 21 проценті ары қарай емделе береді. Ал 2 процентіне медициналық операция жасау керек болады. Одан кейінгі оңалту жұмыстары қайтадан біздің балабақшада жүргізіледі.

Облыста мұндай балабақшалардың қатары 60-қа жуық. Оларда ерекше күтімді қажет ететін 220-дан астам бала тәрбиеленуде. «Мектепке дейінгі мұндай мекемелер қажеттілікке қарай көбейтіле береді» дейді сала мамандары.

Авторлары: Тілеуқабыл Мыңжасар, Қуаныш Түргенбаев

Осы категория бойынша: « Жамбыл облысында оқушылардың ата-анасы күнделікті интернеттен көре алады Атырау мектептеріндегі жобалар білім сапасын арттыруға жол ашады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы