364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО-да қоғам белсенділері жатақханаларды бақылауға алды

  • 188
  • UPD: 15:49, 11.09.2018

Солтүстік Қазақстан облысында қоғам белсенділері жатақханаларда бөгде адамдардың тұрмауын бақылауға алды.

Олар жаңа оқу жылы басталысымен білім ордаларын аралап, түнгі рейдтер ұйымдастырады. Бұл жолы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметкерлері мен тілшілер Мағжан Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледждің жатаханасына барып, студенттерді тізім бойынша түгендеді. Қазір мұнда 500 шәкірт тұрады. Тексеріс барысында бөгде ешкім анықталмады. Бірақ ұйымдастырушылардың айтуынша, қадағалау шарасы – осындай оқиғалардың болмауына септігін тигізеді. Өйткені өткен оқу жылы жатаханалардың бірінде 6 бірдей адамның астыртын тұрып келгені белгілі болған.

Серік Айдарбеков, ҚР МҚІСжСЖҚ іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша департаменті басқармасының басшысы:

- Біздің  Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінде, сол жатаханада 2 қызметкер және оқуын бітірген 4 студент анықталған еді. Қазіргі уақытта олар сол жерлерде тұрмайды. Осындай жұмысты біз әрі қарай жалғастырамыз.

Осы категория бойынша: « Атырау мектептеріндегі жобалар білім сапасын арттыруға жол ашады ҚР Парламенті Сенатында «Жайық - өмір өзені» атты кітаптың тұсауы кесілді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы