365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Аягөзде 600 орындық білім ордасы қолданысқа берілді

  • 287
  • UPD: 12:14, 14.09.2018

Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласында 600 орындық білім ордасы ел игілігіне берілді.

Шаһардың орталығында орналасқан еңселі нысан сәулетімен ғана емес, заманауи құрал-жабдықтарымен де көз тартып, көрік беріп тұр.

Болат, осы нысанның іске қосылуымен аудандағы үш ауысым, апатты мектептер мәселесі түпкілікті шешілді ме?

Болат Көкенайұлы, тілші:

- Жаңа нысанның тұсауы қазір ғана кесіліп, халықпен бірге біз де қуандық. Расында бұл күнді аягөздіктер ұзақ күтті. Өйткені қаладағы қазақ мектеп-лицейінің бұрынғы ғимараты таршылық етіп келген еді.

Енді міне еңселі білім ордасы есігін айқара ашты. Мемлекет қазынасынан мектепті салуға бір миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген. Жалпы аумағы 6 мың шаршы метрден асатын ғимаратта 30-дан астам жабдықталған сынып бөлмелері бар. Оның ішінде аудан бойынша ашылған 19 IT кабинеттің бірі де осында. Мұнан бөлек кең спортзал, акт залы, жарқыраған асхана, бәрі де шәкірттердің сапалы білім алуына жол ашпақ.

- Осы нысанның іске қосылуымен аудандағы үшауысым, апатты мектептер мәселесі түпкілікті шешілді ме?

Болат Көкенайұлы, тілші:

- Жалпы Аягөз ауданында апатты мектептер мәселесі жойылған, үш ауысымды білім ордалары да жоқ. Дегенмен, демографиялық жағдай жақсарған сайын орын тапшылығы туындайтыны рас. Осы ретте оңтүстік қалашығында 600 орындық тағы бір мектептің құрылысы аяқталуға жақындап қалғанын айта кетейік. Сонымен ауданда орын тапшылығы толық жойылады.

Осы категория бойынша: « Қазақстанда жалпы ішкі өнімнің 0,13%-ы ғана ғылымды қаржыландыруға бөлінеді Қазақ ұлттық өнер университетіне 20 жыл »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы