367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Байқоңырда зымыран модельдеу спортынан халықаралық жарыстар басталды

  • 217
  • UPD: 20:11, 15.09.2018
Байқоңырда зымыран модельдеу спортынан халықаралық жарыстар басталды

Байқоңыр қаласында «Жастарға аэроғарыштық білім берудегі зымыран модельдеу» дәстүрлі жыл сайынғы халықаралық конференциясы өз жұмысын бастады.

22-рет ұйымдастырылып жатқан конференция аясында бірнеше жарыс түрі өтеді. Атап айтсақ, жастар арасында зымыран модельдеу спорты бойынша  «Байқоңыр-2018» кубогі, Челомей кубогі әлем кубогінің кезеңі және «Қорқыт ата кубогі» әлем кубогінің кезеңі болады. Зымыран модельдеу жарыстарына Ресей, Қазақстан, Украина, Беларусь және Өзбекстаннан 60 спортшы қатысады. Модельдерді ұшыру «кіші айлақта» - Байқоңыр маңындағы Елшібай жол айырығы аумағында өтеді. Халықаралық жарыстар құрылтайшыларының құрамында Ресей мен Қазақстанның ондаған ұйымы бар. Ал КСРО еңбек сіңірген спорт шебері, үш дүркін әлем чемпионы, зымыран модельдеу спорты бойынша Ресей құрама командасының бас жаттықтырушысы Алексей Коряпин бастаған халықаралық қазылар алқасы нәтижеге баға береді. Байқоңырдағы жарыстар он күнге созылады. Бұл шара Халықаралық ғарыш станциясының 20 жылдығына арналған.

inform.kz

Осы категория бойынша: « Қазақ ұлттық өнер университетіне 20 жыл Алғаш рет Қазақстанда оқытылған пән Әзербайжанның оқу бағдарламасына енуі мүмкін »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы