368,46 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Байқоңырға НАСА директоры келеді

  • 346
  • UPD: 14:32, 17.09.2018
Байқоңырға НАСА директоры келеді The Planetary Society

Әуесқой астрономдар мен жалпы ғарыш туралы жаңалықтарға енжар қарамайтын қауым үшін қызық жаңалық.

2018 жылғы қазан айында «Союз МС-10» басқарылатын көлік кемесін ұшыруға байланысты Байқоңырға NASA директоры Джим Брайденстайн келеді.

«Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Дмитрий Рогозин мен NASA басшысы үстіміздегі жылдың 10 қазанында NASA әкімшісінің кезекті Ресей-Америка экипажының ХҒС-ке ұшуына байланысты ұйымдастырылған іс-шараларға қатысуы үшін Ресей мен Қазақстанға жасаған сапары кезінде Байқоңыр ғарыш айлағында алғашқы жеке кездесу өткізуге келісті. Баспасөз қызметінің мәліметінше, Ресей мен АҚШ ғарыш ведомстволарының басшылары Халықаралық ғарыш стансасындағы жұмыстардың атқарылу барысын талқылаған алғашқы телеконференция өткізді.

Айта кету керек, әңгіме барысында Дмитрий Рогозин америкалық әріптесін қазіргі таңда аумақтық-өндірістік кешенге жалғанған «Союз МС-09» кемесінен ауаның шығып кету себептерін анықтау үшін «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясы басшылығымен комиссия құру туралы шешім қабылдағанын мәлім етті.

«Союз МС-10» аумақтық-өндірістік кешені Астана уақыты бойынша 2018 жылғы 11 қазан сағат 14:40-та Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылатын болады.

inform.kz

Осы категория бойынша: « Алғаш рет Қазақстанда оқытылған пән Әзербайжанның оқу бағдарламасына енуі мүмкін «Дипломмен ауылға». ШҚО-да білім саласындағы кадр тапшылығы мәселесі оң шешімін табуда »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы