365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Дипломмен ауылға». ШҚО-да білім саласындағы кадр тапшылығы мәселесі оң шешімін табуда

  • 184
  • UPD: 14:40, 18.09.2018

Шығыс Қазақстан облысында «Дипломмен ауылға» бағдарламасы сәтті жүзеге асып келеді.

Мәселен, Абай ауданына былтыр 22 жас маман келіп, мемлекеттен көтермеақы мен баспана алуға пайызсыз несие алған. Биыл да жоғарғы оқу орындарының бірнеше түлегі еңбек жолын ауылдан бастауды жөн санапты. Әсіресе, осы бағдарлама арқылы білім саласындағы кадр тапшылығы мәселесі оң шешімін табуда.

Таңат Шағыров – Семейдегі жоғарғы оқу орнын бітіріп, өмірін ауылмен байланыстыруды жөн санаған жас мамандардың бірі. Ол қазір біліктілігін арттырып, жаңартылған білім мазмұнына сәйкес биология пәнінен сабақ береді.

Таңат Шағыров, жас маман:

– Өзімнің туған жеріме, өзім оқыған мектепке келіп, шәкірт тәрбиелеп, ұстаздарыммен бір жерде жұмыс жасап жатырмыз. Қазір ауыл мектептері мен қала мектептерінің айырмашылығы жоқ деп айтса болады. Жас мамандарға да Үкімет тарапынан жағдайлар жасалып жатыр.

Таңат ауылда еңбек жолын бастап қоймай, отбасын да құрды. Өмірлік жары Айнұр да – өзі сияқты мұғалім. Жас отбасы әке-шешесімен, ата-әжесімен бірге тұрады.

Айнұр Темірханова, мұғалім:

– Отау құрғанымызға бір жыл болды. Одан кейін қасына жұмысқа орналастым. Ұжымымыз өте жақсы.

Болат Көкенайұлы, twitter@bolekekokenay

– Ауылдағы тіршіліктің өз қызығы бар. Таңат пен Айнұр жұмыстан тыс уақытта да бос жүрмейді. Олар қазір өздері салған бақшадан экологиялық таза өнімдер жинап, қысқа азық дайындап жатыр. Болашақта мал ұстап, жеміс ағаштарын өсірсек деген жоспарлары бар.

Жалпы жаңартылған білім мазмұнына сәйкес аудандағы 500-ге жуық мұғалімнің 70 пайызға жуығы біліктіліктерін арттырып үлгеріпті.

Бәкизат Ысқақова, Абай аудандық білім бөлімінің жетекшісі:

– Біліктілік деңгейін көтеруге байланысты біліктілік тесттерінен өткен болатын. Сол бойынша бізде «мұғалім модератор», «мұғалім сарапшы», «мұғалім зерттеуші» және «шебер мұғалім» деген. Өтіп келген мұғалімдердің тиісінше 30, 35, 40, 50 пайызға дейін жалақылары өседі.

Облыста қарқынды жүзеге асып жатқан «Менің мектебім» жобасы арқылы Абай ауданында биыл 5 робототехника кабинеті ашылып, химия және биология пәндері бойынша жаңа құрал-жабдықтар сатып алынған.

Авторлары: Болат Көкенайұлы, Анатолий Тернов, Берік Жобалайұлы

Осы категория бойынша: « Байқоңырға НАСА директоры келеді Астанадағы балалар үйлерінің бірінде тәрбиелеудің жаңа әдісі енгізілді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы