365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада Еуразиялық әдеби форум өтіп жатыр

  • 218
  • UPD: 15:34, 20.09.2018
Астанада Еуразиялық әдеби форум өтіп жатыр

Қазіргі заманғы қазақ әдебиетінің жай-күйі.

Проза мен поэзия, драматургияның өзекті мәселелері. Аударма ісінің хал-ахуалы. Осы жайттар бүгін Еуразиялық әдеби форумда талқыланды. Басқосу «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазіргі заманғы сөз энергиясы» деген айдармен өтіп жатыр. Жиын екі күнге жалғасады. Онда Еуразия құрлығының түкпір-түкпірінен келген ақын-жазушылар жалпы әдебиеттің дамуы төңірегінде пікір алмасады.

Айта кеткен жөн, дәл осындай форум 1973 жылы Алматыда өткен болатын. Енді араға 45 жыл салып, Астанада ұйымдастырылып отыр. Оның аясында Қазақстан жазушылар одағы мен Иран жазушылар қауымдастығы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылмақ. Қазақ қаламгерлері төл әдебиетімізді әлемге таныту үшін ең алдымен аударма ісін оң жолға қою керек деп есептейді.

Исраил Сапарбай, ақын:

- Неге біз әдебиетте әлемдік аренаға шыға алмаймыз? Неге бізде Нобель сыйлығының лауреаттары жоқ. Мысалы кешегі Әбіш Кекілбаев, Шыңғыс Айтматовтар. Біздің түркі дүниесінде ондай ақын жазушылар көп. Бұдан кейін нақты іске көшуіміз керек? Тәржімә мәселесі. Оның ақынның ақыны, жазушының жазушысы ғана аудара алады. Бізде синтездеу сұрыптау жоқ. Жалпыламалық басым.

Хабар 24 телеарнасы