368,46 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандық ғалымдардың еңбегі шетелдік зерттеушілердің сұранысына ие

  • 157
  • UPD: 16:01, 20.09.2018
Қазақстандық ғалымдардың еңбегі шетелдік зерттеушілердің сұранысына ие

Биылдың өзінде отандық оқымыстылар жазған 41 жұмыс әлем бойынша ең көп қолданылған еңбектер тізіміне енді.

Осыған байланысты «КлариВэйт» аналитик компаниясы, жергілікті және халықаралық ғылымның дамуына елеулі үлес қосып жүрген оқу орындары мен ғылыми журнал өкілдерін және жекелей ғалымдарды марапаттады. Халықаралық сарапшылардың есебі бойынша «Ғылым көшбасшысы» деген атқа биыл елімізден 10 зерттеуші мен 8 ұйым ие болды.

Айта кеткен жөн, халықаралық сыйлық жыл сайын үздік танылған 500 зерттеушіге табысталады.

Ратбай Мырзақұлов, физика-математика ғылымдарының докторы:

- Менің еңбектеріме шетелдің ғалымдары көп сілтеме жасайды екен. 5 мың сілтеме бар. Мұнан 10-15 жыл бұрын америкалық ғалымдар дәлелдеді тәжірибе түрінде. Әлем кеңіп бара жатыр екен. Соның теориясы жоқ болды. Соның теориясымен біз айналысамыз. Қазір біз соның шынында да теория жүзінде дәлелдедік. Қазір физика, астрономия бойынша ЕНУ Қазақстан ғана емес орталық Азияда бірінші орында.

Осы категория бойынша: « Астанада Еуразиялық әдеби форум өтіп жатыр Астанада өткен форумда шетелдік сарапшылар білім саласындағы тәжірибелерімен бөлісті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы