367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада өткен форумда шетелдік сарапшылар білім саласындағы тәжірибелерімен бөлісті

  • 166
Астанада өткен форумда шетелдік сарапшылар білім саласындағы тәжірибелерімен бөлісті

Еліміздегі жоғары оқу орындары мен білім бағдарламалары жайлы мәлімет енді «Еуропаның жоғары оқуды бағалау органының» базасында жарияланады.

Осылайша, шетелдік студенттердің біздегі білім беру мекемелеріндегі ақпарат, деректермен танысуына мүмкіндік туады. Бұл туралы бүгін оқу ісіне арналған халықаралық форумда айтылды. Еліміздегі «Білім сапасын қамтамасыз ететін тәуелсіз агенттіктің» ұйымдастыруымен өткен алқалы жиынға шетелден мықты сарапшылар келді. Атап айтсақ, Еуропа, Орталық Азия және Ресей мен Кавказдың мамандары төбе көрсетіп, отандық оқытушылармен өзара тәжірибе алмасты.

Ғайнелғазы Әділғазынов, педагогика ғылымдарының докторы, профессор:

– Форум қазіргі ЖОО-ға қатысты ең негізгі проблемаларды қарастыруда. Соның ішінде студенттерге орталықтандырылған білім беру. Сабақ беру, бағалауға қатысты және әр университеттердің қалыптасқан білім беру сапасын қамтамасыздандыру ішкі жүйесін қарастыру аясындағы сұрақтарды қарастырып жатыр.

Осы категория бойынша: « Қазақстандық ғалымдардың еңбегі шетелдік зерттеушілердің сұранысына ие Алматыда Қазақстан генетиктерінің ІІ съезі басталды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы