365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда Қазақстан генетиктерінің ІІ съезі басталды

  • 125
  • UPD: 08:59, 21.09.2018

Қазақстанда тұқым қуалайтын аурулардың алын алуға толық мүмкіндік бар.

Дәрігерлер «қазір заманауи технологияның көмегімен ана құрсағында жатқан баланың бойындағы ауытқулар мен тұқым қуалайтын түрлі ауруларды ерте анықтайтын мүмкіндік бар», дейді. Осы мәселелер және шетелдік дәрігерлер тәжірибесі бүгін Алматыда ашылған Қазақстан медициналық генетиктерінің ІІ съезінде кеңінен талқыланады. Еліміздің барлық өңірлерінен келген мамандар мен акушер-гинекологтар әлемде қолданылып жүрген озық әдістер жөнінде ой-пікірлерімен бөліседі. Сондай-ақ съезге генетика ғылымы бойынша әлемде көшбасшы саналатын Ұлыбритания, Финляндия, Италия және Норвегия мемлекеттерінің ғалымдары келді. Ал Орталық Азия елдерінен  Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстаннан дәрігерлер қатысуда. Мақсат – жалпы генетика ілімінің жаңа мүмкіндіктерін ашу. Биыл қазақстандағы медициналық генетиктер қауымдастығының құрылғанына 20 жыл толып отыр. Отандық мамандар «осы уақытта қол жеткізген жетістіктеріміз көп», - дейді. Соның бірі ерте диагностика жасау тәсілінің енгізілгеніне биыл 10 жыл.

Гүлнәр Святова, ҚР Медициналық генетиктер қауымдастығының президенті м.ғ.д.,профессор:

- ТМД бойынша алғаш біздің елде орталықтандырылған генетикалық скрининг жүйесі құрылды. Ол халықаралық стандарттарға толық жауап береді. Осы жетістігіміздің арқасында былтыр Қазақстан неонаталды скрининг бойынша еуропалық мемлекеттердің тобы кіретін халықаралық қауымдастыққа мүше болды. Сондай-ақ заң жүзінде осы стандарттарымызды еліміздің барлық өңіріне енгіздік.

Айжан Орманқызы, ҚР медициналық генетиктер қауымдастығының хатшысы, дәрігер-генетик:

- Жаңа технологиялық мүмкіндіктерді қолданып жатырмыз. Олар ерте 9-шы апталық жүктілік кезінен бастап анықталатын көптеген тестер бар, диагностикалық әдістер бар, солар арқылы көптеген дүниеге келетін балалардың ауытқуларын анықтауға болады. 2019 жылдың басынан бастап сол аппаратты іске қоспақпыз және де ол «тандемный аспекторметр» аппарат болып саналады. Сонда анализ жасалады, балалардың туылған зат алмасу ауытқуларын  нақтылауға мүмкіндік береді.

Осы категория бойынша: « Астанада өткен форумда шетелдік сарапшылар білім саласындағы тәжірибелерімен бөлісті Қазақстан мен Иран арасындағы әдеби байланыс жандана түспек »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы