364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еуразиялық әдеби форумда не талқыланып жатыр?

  • 233
  • UPD: 12:38, 21.09.2018

Қаламгерлердің қоғамдағы орны, әдеби сынның дамуы мен драмтургияның хал ахуалы.

Осы мәселелер екі күннен бері «Қазіргі заманғы сөз энергиясы» атты Еуразиялық әдеби форумда талқыланып жатыр.

Айта кеткен жөн, елімізде Азия мен Африка жазушыларының бесінші конференциясы 1973 жылы өткен болатын. Енді міне, араға 45 жыл салып, Еуразия құрлығының ақын-жазушылары елорда төрінде бас қосты.

Еуразиялық әдеби форум қонақтарының бірі – Яцек Матецкий поляк жазушысы, сценарист, саяхатшы әрі фотограф. 2012-2014 жылдары Ресейдің қиыр солтүстігінде тарихи зерттеу жүргізумен айналысқан. Оған дейін «Синема Польска» баспасының тілшісі және «Синема» журналының редакторы қызметін атқарады.

Айта кеткен жөн, Яцек Матецкий польшалық «Белкантоә мен «История Роха» фильмдерін түсіруге ат салысты. Бойко Ламбовски болгарлық ақын, эссе жазушысы, публицист әрі аудармашы. Қазіргі заман поэзиясына бет бұрған ақынның өлеңдері  ағылшын, неміс, серб, француз, орыс, итальян тілдеріне аударылған. Әдебиет саласының майталманы бірнеше ірі шығармашылық байқауларда төрелік еткен. 2014 жылдан бері болгарлық ПЕН-клубтың төрағасы.

Осы категория бойынша: « Қазақстан мен Иран арасындағы әдеби байланыс жандана түспек Қазақстан жазушылар одағы мен Ресей жазушылары бірлескен жобаларды іске асырмақ »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы