366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде ағылшын тілін тегін оқытатын арнайы жоба бастау алды

  • 274
Елімізде ағылшын тілін тегін оқытатын арнайы жоба бастау алды egemen.kz

Ауылдық мектептерде және облыс орталықтарында ағылшын тілін тегін оқытатын «English for Jastar» жобасы бастау алды.

Қыркүйек айынан қарашаға дейін жалғасатын бұл шараға 9-11 сынып оқушылары сабақтан тыс уақытта қосымша түрде оқытылады. Оны жүргізуге арнайы шетелден келген және ағылшын тілін жетік меңгерген қазақстандық 141 жас маман қызығушылық танытқан. Әлемдік деңгейдегі ағылшын тілін оқыту жобасы аясында 14 облыс, 84 ауылдық және аймақтық деңгейдегі 7 мың мектептің оқушыларына сабақ жүргізіледі. Игі бастамаға «Жас Отан-Жастар қанаты» және «Болашақ» қауымдастығы  мұрындық болған.

Дәулет Кәрібек, «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» ЖҚ атқарушы хатшысы:

- Ағылшын тілін оқыту ойын түрлерімен айс-брейкинг, дебаттар және басқа да әдіс-тәсілдермен жүргізілетін болады.

Хабар 24 телеарнасы