367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО-ның шалғай ауылындағы мектепте IT сыныбы ашылды

  • 285
БҚО-ның шалғай ауылындағы мектепте IT сыныбы ашылды

Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауылындағы орта мектепте IT сыныбы ашылды.

«Бұл шалғай ауылдағы шәкірттердің ақпараттық технология негіздерін ойдағыдай меңгеруіне мол мүмкіндік», – дейді мамандар. Айта кету керек, өңірде 327 жалпы білім беретін мектеп болса, соның 85 пайызы кең жолақты интернетке қосылған. Қазіргі таңда аймақтағы білім ордаларында ашылған 15 IT-сыныпта 3 мыңдай шәкірт ақпараттық технология саласының қыр-сырын меңгеріп жатыр. Жәнібектегі IT-сыныптың ұстаздары жоғарғы оқу орындарында білімдерін жетілдірген. Ақпараттық технология сыныбында ауыл балалары бағдарламалау, робототехника және 3D үлгілеу секілді 3 бағыт бойынша білім алады.

Әділбек Махот, Жәнібек орта мектебінің оқушысы:

– Мен өзім робототехникаға қызығамын. Бұдан облыстық жарыстарға да барып келдім. Орындар да алып жүрміз. Осы бағытта әлі де жалғастырамын деп ойлаймын, 3Д моделдеуді де үйренгім келеді. 

Осы категория бойынша: « Елімізде ағылшын тілін тегін оқытатын арнайы жоба бастау алды 142 үміткерге «Болашақ» стипендиясы тағайындалды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы