365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ENU еліміздегі бизнес рейтингінде жоғары білім санаты бойынша бірінші орында

  • 404
  • UPD: 11:58, 26.09.2018

Еуразия ұлттық университеті еліміздегі бизнес рейтингінде жоғары білім санаты бойынша бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы.

Оқу ордасының ректоры Ерлан Сыдықов ғылыми кеңес және оқытушы-профессорлар мен студенттер алдында есеп беру жиынында осылай деді. Гумилев атындағы білім ордасы әлемдегі 6 мың жоғары оқу орны арасында 765-орынға жайғасты. Қазір онда бакалавр, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша 19 мың адам білімін жетілдіріп жатыр. Олардың арасында Өзбекстан, Ауғанстан, Түркия, Иран, Ливия және Қытай елдерінің де студенттері бар. Ең бастысы, түлектердің 97 проценті жұмыспен қамтылған.

Ерлан Сыдықов келер жылы үш блоктан тұратын 2467 орынды жатақхана құрылысы басталатынын да атап өтті. Ұлттық университет ғылыми-зерттеу бағытын да кеңейтіп жатыр. Бұл салаға былтыр бір жарым миллиард теңге жұмсалған. Биыл Еуразия университетіне 7020 түлек оқуға түсті. Оның 80 пайыздан астамы мемлекеттік грант иегері атанды.   

Ерлан Сыдықов Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры:

- 22 бірлескен білім бағдарламасын жүзеге асырып келеміз. Нәтижесінде жастар біз бен шетел университеттерінің қос дипломын алып жатыр. Биыл біз білім айдынында ІТ-менеджмент, ІТ-аудит, экологиялық аудит, есептеу лингвистикасы, цифрлық криминалистика сияқты бұрын-соңды болмаған және айрықша мамандықтарды дайындауға кірісіп, оны енгіздік.

Осы категория бойынша: « 142 үміткерге «Болашақ» стипендиясы тағайындалды ҚР ДСМ: Қазақстанның медициналық ЖОО-лары үштілді білім беру жүйесіне көшуі керек »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы