365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҚР ДСМ: Қазақстанның медициналық ЖОО-лары үштілді білім беру жүйесіне көшуі керек

  • 297
  • UPD: 18:36, 28.09.2018
ҚР ДСМ: Қазақстанның медициналық ЖОО-лары үштілді білім беру жүйесіне көшуі керек

Бүгін ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов еліміздің медицина ЖОО-ларының оқытушылар құрамы кезең-кезеңімен ағылшын тілін меңгеріп жатқанын айтты.

«Біз барлық жоғары оқу орындарының үш тілді оқытуға көшуін талап етеміз. Оқу бітіріп шыққан маман қазақ тілді болсын, не орыс тілінде сөйлейтін, тіпті шетелдік науқастармен тілдесе алуы керек. С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті былтырдан бері үш тілде оқытады. Қазір ондағы оқытушылар ағылшын тілінде сабақ береді. Біз барлық университеттерге қанша оқытушы ағылшын тілін оқып жатқанын және ағылшын тілінде сабақ беретін оқытушылар санын көрсететін жылдық индикатор қойдық», – деді министр.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне қарағанда, қазірде Intermediate деңгейінде ағылшын тілін білетін оқытушылар саны – 15,1%. Ал Қазақстандағы кей жеке медициналық университеттер шетелдік студенттерге қазірдің өзінде ағылшын тілінде білім беруде.

«Министрлік медициналық жоғары оқу орындарының шетелдік студенттерді тартуын құптайды, себебі бұл – экспортқа бағытталған қызмет. Әсіресе, халқы тығыз орналасқан Үндістан мен Пәкістаннан білім алуға ниеттілер көп. Мұнда ЖОО үшін үлкен мүмкіндік пен көмек бар. Шетелдік студенттерді оқытып, тапқан қаржысына университет өз инфрақұрылымын дамытып, керек-жарағын алады, барлық студент қолданатын кітап қорын толықтырады», – деді Е.Біртанов.

Ақпарат көзі: primeminister.kz

Хабар 24 телеарнасы