366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Химия саласы бойынша Нобель сыйлығының иелері анықталды

  • 446
  • UPD: 22:43, 03.10.2018
Химия саласы бойынша Нобель сыйлығының иелері анықталды Элементы большой науки

Биылғы химия саласы бойынша Нобель сыйлығы америкалық ғалымдар Фрэнсис Арнольд, Джордж Смит және британиялық Грегори Винтерге бұйырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар ағзадағы тірі жасушалар шығаратын органикалық заттардың дамуын, сондай-ақ пептидтер мен қарсы денелерді кескіндеу бойынша зерттеулер жүргізіп, жетістікке жеткен. Фрэнсис Арнольд химиялық реакцияны шапшаңдататын ферменттің эволюциясын бақылауға алудың жолын тапты. Ал Джордж Смит пен Грегори Винтер ақыуздардың ДНҚ-сын, пептид және өзге де ақуыздармен әрекетін зерттейтін әдісті – фагтық дисплейді жасап шығарды. Смит оны жаңа ақуыздардың дамуы үшін пайдалануға болатынын анықтаса, Винтер жаңа дәрілер жасауда қолданудың жолын тапты.

Хабар 24 телеарнасы