369,36 420.60 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда елімізде алғашқы педагогикалық STEM-парк ашылды

  • 593
  • UPD: 08:11, 04.10.2018

STEM білім беру ғылым, технология, инженерия және математика ілімін біріктіреді. Парктің ашылуына Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті ұйытқы болып отыр.

Болашақ ұстаздардың сапалы білім алуы үшін STEM-паркте робототехника зертханасы жұмыс істейтін болады. Сонымен қатар, мехатроника мен өлшегіш жүйелер зертханасы да бар. Ал, цифрлық ресурстар орталығы студенттердің білімге қолжетімділігін арттыруға септігін тигізбек. Сондай-ақ педагогикалық STEM-парк мамандары мектептер мен жоғары оқу орындарына арналған оқу бағдарламаларын дайындауға көмектесетін болады.

Бекболат Медетов,  педагогикалық STEM-парк директоры:

- Біз тек қана студенттермен шектелмейміз. Сонымен қатар, қазіргі мектептерде қызмет атқарып жатқан информатика пәнінен сабақ беретін мұғалімдерді қайта дайындау осы робототехника бағыты бойынша. Сондай-ақ курстарды ұйымдастыратын боламыз. Сонымен қатар өзімізде әртүрлі жаңа білім беру технологияларын әзірлейтін боламыз.

Вадим Гриншкун, профессор /Ресей/:

- Цифрлық технологиялар дамыған сайын мұғалімге қойылатын талап та күшейіп отыр. Оқушыға заман талабына сай білім беру үшін ұстаз да жаңа технологияларды жақсы меңгеруі тиіс.

Осы категория бойынша: « Химия саласы бойынша Нобель сыйлығының иелері анықталды Оқушылар Альцгеймер ауруына шалдыққандарға арналған қосымша ойлап тапты »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы