366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Семейде 320 орындық жаңа балабақша ел игілігіне берілді

  • 149
  • UPD: 14:52, 04.10.2018

Әлеуметтік нысан мемлекет пен жекеменшік әріптестігі аясында салынған.

Болат Көкенайұлы, тілші:

- Балабақша «Қарағайлы» деп аталатын жаңа шағын ауданда іске қосылып отыр. Бұл жер қаланың солтүстік-батысында қарағайлы орманмен іргелес орын тепкен, экологиялық таза аудан десек болады. Мұнда көпқабатты тұрғын үйлер, спорттық-сауықтыру кешендері салынып жатыр. Ендеше халық саны өсе түсетіні анық.

Ал балдырғандар үшін есігін айқара ашқан балабақшаның жалпы аумағы 5 мың шаршы метрден асады. Нысанды салуға жеке кәсіпкер 900 миллион теңгеге жуық қаражат жұмсапты. Жас ұрпақтың сапалы тәлім-тәрбие алып шығуы үшін мұнда барлық жағдайлар жасалған. Интерактивті бөлмелер, инновациялық білім жүйесі бүлдіршіндердің 3 тілде білім алып, озық ойлы азамат болуына ықпал етеді. Логопед, психолог сияқты мамандардың жабдықталған өз бөлмелері бар. Сонымен қатар ұлттық ойындар да ұмыт қалмаған.

Айгүл Ақпарова, қала тұрғыны:

- Жаңа балабақшаның ашылғанына біз өте қуаныштымыз. Жаңа ықшамауданда үлкен осындай зәулім балабақшаның ашылуы өте бізге қолайлы болды. Өзіміз «Энергетик» ықшам ауданында тұрамыз, үйімізге жақын. 2 балам бар, осыған дейін екеуі екі бөлек балабақшаға барған. Қазір осы балабақша ашылып, осында екеуі де келіп, балаларымыз да осында келгеніне қуанышты. 

Гүлмира Әділғазинова, балабақша меңгерушісі:

- Ұлттық ойындардың ішінен асық ойындарын балалардың көздегіштігін, дәл көздеп атуды және баланың орнынан тұрып, жүріп, қозғалуына арналған және санауға да біз кіріктірілген сабақтарға қолданып жатырмыз. Және де тіл дамыту, сөйлеу дамыту мақсатында балаларға арналған киізбен жұмыс қолдарына сенсорлық дағдыларды дамытуға өте жақсы деп соны алып отырмыз.

- Жалпы Семей қаласындағы балабақшаға кезек мәселесі қалай шешіліп жатыр?  

Болат Көкенайұлы, Twitter@bolekekokenay

- Жалпы Семейде 3 жас пен 6 жас арасындағы балдырғандарды балабақшамен қамту мәселесі толық шешілген. Дегенмен, демографиялық жағдай жақсарған сайын орын тапшылығы туындайтыны рас. Сондықтан 3 жасқа дейінгі 10 мың бала әлі де кезекте тұр. Осы ретте «Ұшақтар» шағын ауданында 280 орындық тағы бір балабақшаның құрылысы аяқталуға жақындап қалғанын айта кетейік. Қаланың басқа да аудандарында мемлекет пен жекеменшік әріптестігі аясында нысандар ашу көзделген.

Хабар 24 телеарнасы