374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Талдықорғандағы білім ордасы 22 млн теңгелік грант ұтып алды

  • 192
  • UPD: 11:25, 05.10.2018

Талдықорғандағы Мұхтар Арын атындағы №24 лицей Алматы облысы әкімінің 22 миллион теңге көлеміндегі білім грантын ұтып алды.

«Ол үшін аянбай еңбек етіп, жүйелі түрде жұмыс істедік. Соңғы 4 жыл бойы біздің түлектеріміз ұлттық бірыңғай тестілеуде ең үздік нәтиже көрсетті. Биыл орташа көрсеткіш 124 балл болды. 10 жылда 27 алтын белгі мен 31 үздік аттестат иегері өз білімдерін растады» дейді аталған білім ошағының ұстаздары. Сонымен қатар лицей оқушылары республикалық және халықаралық олимпиадаларда топ жарып, облыстың мерейін үстем етіп, абыройын асқақтатып жүр. Бүгінде лицей түлектері Қытай Халық Республикасы мен еуропа елдерінде оқып, білім алып жатыр. Дарынды балаларға арналған лицей басшылығы ұтып алған 22 миллион теңге көлеміндегі білім грантын материалдық-техникалық базаны нығайтып, жаңа робототехника  кабинетін ашуға жұмсамақшы.

Мария Ғалиева, М.Арын атындағы дарынды балаларға арналған №24 лицей директоры:

- ҰБТ нәтижесі бойынша 4 жыл бойы 1-орын және республикада 10 үздік мамандандырылған білім беру ұйымының арасына кірдік. Елбасы тапсырмасы - IT технологияны дамыту. Ал оны дамытатын біздің үздік оқушылар. Оқушыларды дамыту үшін бізге өте көп әдістемелік құрал керек. Мына 22 миллион теңгені соған жұмсаймыз.

Осы категория бойынша: « Семейде 320 орындық жаңа балабақша ел игілігіне берілді Жолдау: Білім саласын жиі реформалауды доғару керек »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы