360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ұстаздардың жүктемесін азайту көзделуде

  • 195
  • UPD: 11:16, 06.10.2018

Ұлағатты ұстаздар күнінің қарсаңында мұғалімдердің мәртебесін көтеру және олардың жүктемесін азайту көзделіп отыр.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев оқытушылардың кез келген шарада өзіне жүктелмеген істермен мәжбүрлі түрде айналысуына тура келетінін айтты. Алдағы уақытта мұндай қателіктерге енді жол берілмейді. Осылайша келер жылы «Педагогтың мәртебесі туралы» заң қабылданады. Құжатта мұғалімдер мен балабақша қызметкерлерінің құқықтары қорғалмақ. Оларды кезектен тыс тексерістерден босатып, ағылшын тілінде сабақ өткізетін мамандардың қосалқы ақысын 35 мың теңгеден 80 мың теңгеге өсіру тапсырмасы берілді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Сократить нагрузку на учителей, оградить от непредвиденных проверок, не свойственных им функций. В школах на учителей взваливается все что угодно: выборы проводят учителя, агитацию ведут учителя. Что-нибудь нужно сделать – всем занимаются учителя. За это никто не платит им. Надо их освободить от этих функций, они же должны готовиться к урокам. Они должны работать положенное время, и все. Вот новый закон нужен для этого. 

Гранты мы увеличили, теперь пришло время повышать ответственность в вузах. Главным критерием успешности вуза должна стать занятость студента после окончания учебы, его трудоустройство на высокооплачиваемую работу. Если студентов приняли на нормальную работу с хорошей зарплатой – значит, университет хороший. Нет – этому университету не жить! Руководство университета должно понять, что если, в этот вуз никто поступать не будет, потому что он готовит студентов плохо. Об этом мы уже говорили с министром, о том, что постепенно этот критерий внедрим для вузов. То есть, повторюсь, выпустились студенты, кто из них устроился, из каких они университетов? Эта информация должна стать публичной, ее нужно доносить через СМИ, телевидение.

Хабар 24 телеарнасы