360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Маңғыстаулық мұғалімдердің 60 пайызы біліктілік арттыру орталықтарында дәріс алған

  • 220
  • UPD: 22:22, 06.10.2018

Биыл Ақтаудағы университет жанынан Теңіз академиясы ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Болашақ теңіз мамандары бұған дейін шетелде оқып келген еді.

Енді мектеп түлектері туған өңірде жоғары білім алатын болды. Бұдан басқа оқу орындары жаңа мамандықтарды да оқытып жатыр. Яғни жастар нарықта сұраныс басым қызмет түрлерін меңгеруде. Сондай-ақ облыс мектептері өзара тәжірибе алмасып, тың жобаларды жүзеге асырып келеді. Мұның барлығы Елбасы Жолдауында айтылған тапсырмалардың нақты жүзеге асып жатқандығын көрсетеді. 

Антонина Огай – жастығына қарамастан кәсіп ашып, табыс тауып жүрген белсенді жастың бірі. «Бүгінгі Жолдауда жоғары оқу орындарын ірілендіру саясатын жүргізу қажеттігі жөнінде айтылған Елбасы тапсырмасы көңілге қонымды. Өз басым, нарыққа қажет жаңа мамандықтарды оқытатын университет түлегімен бірлесе жұмыс жасауға дайынмын», – дейді ол.

Антонина Огай, жеке кәсіпкер:

– Биыл Ақтау университеттерінде жаңа мамандықтардың ашылғаны туралы естідім. Студенттер ландшафт-дизайн шебері, пластмасса бұйымдар әзірлеуші секілді қызықты қызмет түрлерін меңгере бастады. Олармен бірлесе жұмыс жасау арқылы өз кәсібімді одан әрі көркейтуге боларына сенемін. 

Маңғыстау өңірінде 143 мектеп бар. Барлығы Назарбаев зияткерлік мектебімен тығыз байланыста. Соңғы жылдары іргелі білім ордасы көтерген тың жобаларды жалпы мектептерге енгізу үрдіске айналған.

Ырыскүл Иманбаева, химия-биология бағытындағы НЗМ директорының орынбасары:

– Екі жылдан бері «Жасыл мектебім – жасыл мекенім» атты жоба енгізілді. Балаларға биологиялық, экологиялық бағытта тәрбие беру жолға қойылып отыр. Табиғи энергия көздерін қолдану, энергия үнемдеу үшін жоба басталып, бірнеше мектеп пен балабақша, колледжерде электр энергиясын үнемдеудің тың әдістері енгізіліп келеді.

Маңғыстау облысында былтырдан бері өңір әкімдігінің қолдауымен «Білім үздігі» шарасы өтіп жүр. Мақсат – облыс ұстаздарын 16 аталым бойынша марапаттап, материалдық қолдау көрсету. Айта кетейік, маңғыстаулық мұғалімдердің 60 пайызы біліктілік арттыру және шеберлікті дамыту орталықтарында дәріс алған.

Авторлары: Талғат Исламұлы, Ренат Дүсәлиев

Хабар 24 телеарнасы