374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістанда үздік мұғалімдер марапатталды

  • 379
  • UPD: 11:08, 07.10.2018

Түркістан қаласында шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, намысты ұрпақ тәрбиелеп жатқан үздік ұстаздар марапатталды.

Мерекелік шара барысында шаһар басшысы Әліпбек Өсербаев білім беру саласының қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтап, жас ұрпақтың бойына жақсы қасиеттерді сіңіретін ұстаздар қауымы еңбегінің ерекше екенін атап өтті. Биылғы жолдауында Елбасымыз да ұстаз ұлт пен ұрпақ үшін қасиетті ұғым екенін тағы да бір ескерткен болатын. Мұғалімнің мәртебесі - мемлекеттің мәртебесі. Бүгінде Түркістан қаласында 35 мектеп бар. Оның 33-і мемлекеттік,  екеуі жекеменшік. Шаһардағы білім беру жүйесіне биыл бірқатар өзгерістер еніп отыр. Мәселен 2018-2019 оқу жылынан бастап, қала мектептері жүз пайыз электронды күнделік жүйесімен жұмыс істейтін болады. Бұл мұғалім мен ата-ана арасындағы байланысты күшейтіп, қағазбастылықтан арылтады екен. Жиын соңында 70-тен аса мұғалім түрлі марапаттарға ие болды.

Күләйхан Нақипа, Қ.Сәтпаев атындағы №12 орта мектептің мұғалімі:

- Мерекеміз құтты болсын. Елбасымыздың жолдауының аясында көптеген жұмыстарды атқарып, Түркістан қаласына үлесімізді қосып жатырмыз. Әкіміміздің қолдауының арқасында алғыс хатқа ие болып жатырмыз. Көп рахмет!

Осы категория бойынша: « Маңғыстаулық мұғалімдердің 60 пайызы біліктілік арттыру орталықтарында дәріс алған Жолдаудағы білім саласына қатысты өзгерістер. Сарапшы пікірі »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы