366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жолдау: Үш ауысымды мектеп мәселесі толық шешіледі

  • 151
  • UPD: 11:17, 07.10.2018

Қазынадан мектептердің құрылысына 50 млрд теңге қаржы жұмсалады. Демек, апатты жағдайдағы мектептер мен үш ауысымды білім ордаларының мәселесі біржола шешіледі.

Білім және ғылым министрлігі 500 орындық мектеп салу үшін шамамен 1 жарым миллиард теңге қажет деп отыр. Бұған дейін, яғни 2015-2019 жылдары 52 мектептің құрылысына Ұлттық қордан 280 млрд теңге бөлінген. Оның ішінде әлі де 16 апатты жағдайдағы білім ордасының мәселесі басы ашық күйінде қалып отыр. Мыңдаған оқушы 3 ауысымды мектепте оқуға мәжбүр. Ал олқылықтың орнын толтыру үшін елімізде жыл сайын 100-ге жуық мектеп салынуы керек екен. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз Жолдауында осы мәселеге ерекше тоқталды.

Хабар 24 телеарнасы