364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысы Назарбаев зияткерлік мектебінің әдістемесіне көшіп жатыр

  • 296
  • UPD: 10:23, 07.10.2018

Қарағанды облысындағы орта білім беретін мектептер Назарбаев зияткерлік мектебінің оқыту әдістемесіне жаппай көшіп жатыр.

Ал 2012 жылдан бастап, Назарбаев зияткерлік  мектебінің  тәжірибесін енгізу және тарату бойынша республикалық экспериментке қосылған мектептер қазір,,, оң нәтижесін көрсетіп жатыр. Аймақтағы тілшіміз жалғастырады.

Жаңартылған білім беру жүйесін алты жыл жүргізіп келген №93 мектеп гимназияда биология, физика, химия сынды пәндер ағылшын тілінде жүргізіледі. Заманауи оқу бағдарламасын меңгеру үшін мектептің 49 мұғалімі біліктіліктерін арттырды.

Әсел Құсайынова, №93 мектеп гимназия директорының орынбасары:

- Бұл жерде балалар еркін сезінеді, мысалы бұрынғы дәстүрлі сабақтар сияқты екі алдым деген сияқты балаларда қобалжулар болмайды, олар өздерінің білімдерін қалай түсінеді солай көрсетіп отырады. Соның негізінде тоқсанның аяғында балалардың білімдері қорытындылады.

Аймақта 512 орта білім беру мектебі бар. Қазір олардың басым бөлігінде жаңартылған білім беру жүйесі енгізілген. 2021 жылға дейін облыстың барлық мектебі  Назарбаев зияткерлік мектебінің оқыту әдістемесіне толық көшіріледі.

Әлия Бексұлтанова, №93 мектеп гимназиясының 9-сынып оқушысы:

- Біз қазір 21 ғасырда тұрып жатқандықтан бұл озық технологиялар ғасыры болып есептеледі. Сондықтан біздің гимназия ұстаздары бірінші орынға баланың жеке бас тұлғасын қояды деп есептеймін. Өйткені біз әр түрлі формаларда сабақ оқимыз жәнеде ол бізде өте қызықты өтеді. Ұстаздар әрқашан бізден еркін жауап алуға тырысады.

Аталмыш мектеп гимназия ұжымы 2017 жылы  Наазарбаев зияткерлік мектебінің тәжірибесін енгізу және тарату бойынша монография құрастырып шығарған.  Мұғалімдер ұжымы жаңа жүйені бір ауыздан қолдап отыр дейді мектеп басшылығы. Қазір мұнда 1400 ден астам оқушы білім алып жатыр.

Авторлары: Айнұр Абдиева, Сайлау Игликов, Асет Асайынов

Осы категория бойынша: « Жолдау: Үш ауысымды мектеп мәселесі толық шешіледі Көкшетаулық ұстаздар Жолдаудағы білім саласындағы өзгерістерге пікір білдірді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы