374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Электронды оқулықтар оқушылардың ауыр сөмкесі мәселесін шешеді - Ерлан Сағадиев

  • 318
  • UPD: 14:32, 09.10.2018
Электронды оқулықтар оқушылардың ауыр сөмкесі мәселесін шешеді - Ерлан Сағадиев

«Ата-аналар тарапынан көптеген сұрақтар келіп түсуде, оқытудың жаңа мазмұны жөнінде, оқушыларды бағалау мәселесі, электронды журналдар, бастауыш сынып балаларының сөмкесі ауырлап кетті. Оларға қандай жауап бере аламыз?», - деп сауал қойды Премьер-Министр ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевке.

Өз кезегінде білім және ғылым министрі жаңартылған мазмұн бойынша түсіндіру жұмыстары жалғасып жатқанын, балалардың 70 проценті жаңа бағдарлама бойыша оқитынын атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Жаңартылған мазмұн мәселесі шешілген, ата-аналар мен балалар түсініп жатыр, тағы бір жыл берсе, барлық түсініспеушіліктер айқындалады. Сөмке мәселесін шешудің жолы - мектеп ішінде кітап қалдыратын арнайы шкафтар әзірлеу, оны сыныпта немесе дәлізде салуға болады. Электронды оқулықтар қазір де бар, оны жиі пайдаланады. Жаңартылған мазмұнға көшкен сыныптарға электронды оқулықтар 100 процент енгізілген. Яғни, қазіргі уақытта балалардың 70 процентіне элктронды оқулықтар қолжетімді. Біздің жоспар бойынша, алдағы екі жылда оқулықтар 100 процент электронды түрде шығады», - деді Е. Сағадиев.

Сонымен бірге, биыл алғаш рет қағаз оқулықтар нормасы, оның қандай қағаздан жасалатыны, пішімі мен салмағы бір нормаға келтіріліп, тиісті құжаттар бекітілген.

«Сөмкелердің салмағы бойынша жаңа стандарттар жасадық дедік, оны кім шығарып жатыр? Электронды оқулықтар да барлық пәннен жоқ. Бір жағынан жасадық дедік, шын мәнінде оның біреуі де жұмыс істемейді. Нәтижесінде сол баяғы салмағы ауыр кітап, бастауышта оқитын кішкентай балаға үлкен салмақ. Алдымен шешіп алып, содан кейін жасамаймыз ба? Қағаздарын жөнге келтіріп, содан кейін жаңа стандартқа көшпейміз бе?», - деп қосымша сұрақ қойды Премьер-Министр Сағынтаев.

 «Қағаз оқулықтарды 50-60 жыл бойы балалар тасып жүрді. Біз де тасығанбыз. Биыл алғаш рет стандартты енгізіп отырмыз, оқулықтардың қай қағаздан басылатынын, салмағы мен форматын бекіттік. Әрине, ол тек биыл шығатын оқулықтарға енгізілген, енді 5-6 жылда барлық оқулықтарды қамтиды. Электронды оқулықтар 70 процент жұмыс істеп жатыр, енді жаңартылған мазмұнға көшетін сыныптардың оқулықтарын электронды түрде міндетті түрде шығаратын боламыз», - деп жауап берді Сағадиев.

Осы категория бойынша: « Елбасы: Білім сапасын бағалау жүйесі халықаралық стандарттарға негізделуге тиіс Білім саласындағы олқылықтар қашан жойылады? »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы