360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда түркі әлемі зерттеулерінің симпозиумы өтті

  • 234
  • UPD: 22:26, 11.10.2018
Алматыда түркі әлемі зерттеулерінің симпозиумы өтті

Алматы түркі тілдес мемлекеттер үшін ашық алаңға айналды. Халықаралық түркі әлемі зерттеулерінің 5 симпозиумында жаһандық бәсекеге қабілетті филолог мамандарын даярлаудағы Қазақстан мен әлемдік тәжірибе, әдебиет арқылы ұлттық сананы кемелдендіру, ортақ  латын әліпбиі көмегімен түркі тілдес мемлекеттердің қарым-қатнасын нығайту секілді мәселелер кеңінен талқыланды.

Түп тамырымыз бір, бауырлас мемлекеттердің басқосуына әдеттегідей Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан мен Ресей елдерінен  200-ден аса ғалым, мемлекет және қоғам қайраткерлері  келді. Қонақтар ортақ алаңда бас қосып, ғылым, білім саласындағы жетістіктер мен өзекті мәселелерді талқылады.

Ахмет Дағдура, Түркия мәдениет қорының президенті:

- Ортақ алфавит өте керек. Мен ортақ тіл деп айтпаймын. Ортақ алфавит деп айтамын. Негізі ортақ алфавит болғанда бір оқып 80 пайызы түсінеді. Мысалы, неге Түркі әлемі аудармадан Абай жолын  оқысын, неге оригинал оқымасқа? Оригинал оқығанда өзіні тағы да түркі әлемінде  көреді.

Дандай Ысқақұлы, филология ғылымдарының профессоры:

- Oртақ тіл  мәселен жасау өте мүмкін. Бұған  тек қана түркі елдерінің бірлігі ғана керек. Ортақ тілге бастайтын ең бірінші жол ол әліпби . орта ғасырларда түрік халықтары бір тілде сөйлеген. Кейін әртүрлі елдің қарамағына кетіп сол елдердің  ықпалымен әліп биін өзгерткен.

ГауҺар Алдамбергенова, Қазақ қыздар педагогикалық университетінің ректоры:

- Қазақстан тарапы бұл смфовиумнан  үлкен үміт күтеді. Өйткені білесіздер 6-саммит өтті Қырғызстан елінде. Сол жерде біздің елбасымыз Түркі елдеріндегі қасиетті жерлерінді  көздің қарашығындай сақтау  және осыған байланысты түрік әлеміндегі 100 жаңа есім. Түрік әлеміндегі  қасиетті жерлер жөніндегі жобағ бастауға ұсыныс жасады.

Хабар 24 телеарнасы