364,44 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Британияда білім алатын қазақстандық студенттер ауылды көркейтпек

  • 973
  • UPD: 11:39, 15.10.2018

Британиялық дипломмен – ауылға.

Ұлыбританияда білім алып жатқан PhD студенттер оқулары аяқталған соң, ауыл білімін көтеруге атсалыспақшы. Олар қолға алған Global Village Schools жобасының мақсаты – ең үздік әлемдік тәжірибе бойынша ауылдарда жоғары сапалы бастауыш және орта білім беретін мектептер ашу.

Жоба мақсаты кез келген ауыл оқушысына әуелгі мүмкіндіктері мен академиялық қабілеттеріне қарамастан тұрғылықты жерінде сапалы білім алуына жағдай жасау. Білім Финляндия, Норвегия, Исландия сияқты елдердің озық үлгілері мен тәжірибелеріне сәйкес берілмек. PhD студенттер мұғалімдерге сарапшылық тұрғыда қолдау көрсетіп, олардың қосымша білім алуына және менеджерлік қабілеттерінің артуына көмектесетін болады.

Халида Әжіғұлова, Лестер университетінің PhD студенті:

- Мәселен, сапалы білім алу үшін үлкен қалалар мен орталықтарға барудың қажеттілігі болмайды. Олар астаналық мектеп бітірушілерімен бәсекеге қабілетті бола түседі. Ең бастысы, жаңа мектептер салу арқылы ауылдарда жаңа жұмыс орындары ашылады. Осылайша ауыл жастарының қалаға ағылу легін тоқтатуға тырысатын боламыз.

Бастаманың авторлары Ұлыбритания мен Ирландиядағы қазақстандық докторанттар қауымдастығының мүшелері. Олар әрқашан еліміздің тұрақты дамуына бағытталған жобаларды жүзеге асыруға мүдделі.

Әлия Сембаева, Қазақстандық докторанттар қауымдастығының президенті:

- Біздің докторанттардың 30% британиялық университеттердің есебінен оқып жатқан студенттер. 70% «Болашақ» бағдарламасымен білім алып жатыр. Яғни біздің қауымдастықтағылар британиялық университет гранттарының иегері бола тұра елге оралып, халықтың әл-ауқатын жақсартуға атсалыспақ.

Бастамашы топ қазір ивесторлар мен білім саласындағы ниеттес адамдарды іздестіріп жатыр. Олар ойлағандары жүзеге асып, қазақстандық ауылдардың тұрақты дамуына себепші болатындықтарына сенімді.

Авторы: Ғалымжан Қараманұлы

Осы категория бойынша: « Семейде жел салдарынан сабақ болған жоқ Қазақстанда зияткерлік мектептер тәжірибесін тарату бойынша 30 білім ордасы бар »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы