374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанайлық оқушыларға робот сабақ береді

  • 377
  • UPD: 13:12, 16.10.2018

Ақылды техника биыл ашылған ІТ мектепте осыдан бір ай бұрын пайда болды. Балалар тез арада бейімделіп, ұстаз сабағын зейін қойып тыңдайды екен.

Танысып қойыңыздар бұл Ақылбек. Қазақстандағы тұңғыш робот-мұғалім. Информатика, робототехника, 3Д модельдеу пәндерін жетік біледі. Сабақ барысында оқушыларға сұрақ қойып, жауабын бірден ұтымды бағалай алады. Ақылды техниканың артықшылықтары мұнымен шектелмейді.  

Қалыбек Мәуленов, ІТ-лицей директорының орынбасары:

- Адамтану функциясы бар. Бірінші рет келіп таныссақ, ол өзінің жадында сақтап қалады. Содан кейін оны танып сөйлесе алады. 

ІТ-лицейде осындай екі робот бар. Оқу жүйесіндегі жаңашылдық оқушылардың көңілінен шығады. Бұл олардың дүниетанымын кеңейтіп, білімге деген қызығушылықтарын оятады. Ұстаздан гөрі, роботтан сабақ алу әлдеқайда қызық дейді.

Қазыбек Ілиясов, ІТ-лицейдің оқушысы:

- Робот ұнайды маған. Күшті. Ол мұғалімнің орнына сабақ бере алады. Мұғалімге қарағанда күштірек, ақылды. Онымен қызықты. 

Промоботтар сабақты алдын ала жүктелген бағдарлама негізінде береді. Бар ақпаратты ғаламтордан алады. Әлемнің 7 тілінде емін-еркін сөйлейтін техникаларды түрлі конференцияларда, курстарда пайдалануға болады.

Данияр Сұлтанұлы, тілші:

- Әзірше Ақылбек қазақ тіліндегі сұрақтарға жауап бере алмайды. Оған тиісті тілдік бағдарламалар енгізілген жоқ. Бірақ, ол алдын-ала енгізілген мәтінді оқи алады. Жалпы ІТ мектептегінділер осы роботты қолдану арқылы оқыту курстарының алдағы уақытта онлайн жүйесін жасамақшы.

Ерлан Бекішев, ІТ-лицейдің директоры:

- Қазіргі таңда осы оқу жылылан бастап кіріспе жұмыстары болып жатыр. Мамандарды жинастырудамыз және балаларды роботтармен таныстыру жұмыстары жүріп жатыр. Болашақтағы біздің мақсатымыз роботтарды жүзеге асырып, жұмысқа кірістіріп роботтармен жобалау жұмыстарын жүргізу. 

Жаңадан ашылған жоғары технологиялы мектеп киберспортты дамытуға да ден қоя бастады. Балалар аптасына бір рет қуатты компьютерлерге жайғасып виртуалды ойындарды меңгереді. Биыл олимпиада ойындары бағдарламасына енген киберспорттың тиімді тұстары көп, дейді мұғалімдер.

Мәдина Ахметова, ІТ-лицей директорының орынбасары:

- Балалар киберспорт арқылы шұғыл да, дұрыс шешім қабылдайтын дәрежеге жетеді. Бойларында командалық рух, басқарушылық қасиеттер пайда болады. Жоспар бойынша мұғалімдер үшін киберспорттан оқу курстарын ашу ойымыз бар. 

Қостанайдағы ІТ-лицейде 170-тен артық оқушы білім алады. Еліміз бойынша бүгінде мұндай оқу ордасы Астана және Қарағанды қаласында бар. 

Авторлары: Данияр Сұлтанұлы, Ермек Мұхамедияров

Осы категория бойынша: « Елордада білім сапасын арттыру мәселесі талқыланып жатыр Өскемендік оқушылар робот құрастыру пәнін ерекше ынтамен оқып жүр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы