364,44 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өскемендік оқушылар робот құрастыру пәнін ерекше ынтамен оқып жүр

  • 240
  • UPD: 13:43, 16.10.2018
Өскемендік оқушылар робот құрастыру пәнін ерекше ынтамен оқып жүр

Бесінші сыныптың оқушысы Бекарыс IT сыныпқа асығып келетіндердің бірі.

Өйткені осы заманда көп айтылатын роботты техника түрлерін танып білу, құрастыру, ол үшін ең қызықты сәт. Тіпті болашақта  ақпараттық технология саласындағы  танымал кәсіпкер болсам деген де арманы бар.

Бекарыс Оралбеков, №46 орта мектептің 5-сынып оқушысы:

- Роботтармен жұмыс істеген маған қатты ұнайды,роботтарды құрастыру,программалау.Мен Өскенде бизнесмен болғым келеді, бизнесімде осындай роботтарды құрастырып шығарғым келеді.

Информатика пәнінің мұғалімдері болса үнемі ізденіс үстіндеміз дейді. Өйткені  ақпараттық технология сағат сайын дамып жатыр. Ал сыныпқа асыға кіретін балалардың білгісі келетіндері тіпті көп.

Мағжан Сырымбек, информатика пәнінің мұғалімі:

- Роботтандыру жүйесі балаларды өте қатты қызықтырады.Өйткені болашақтағы  IT  мамандардың ең бірінші баспалдағы осы роботты техникадан басталады.Онда балалар программалауды кодтарынан емес, 1-блок түріндегі дайын құрылымдармен жұмыс істейді. 

Жалпы №46 орта мектебі  Назарбаев зияткерлік мектебімен тең түспесе кем түспейді. Білім ошағы 3 тілде дәріс беруді меңгерген. Ал роботты технологияның қыр сырын үйрету үшін 4 мұғалім жаз бойы арнайы дәріс алған.

Гүлфарида Ауғанбаева, №46 орта мектеп директоры:

- 144  сағаттық курсты оқып жаз көлемінде,тамыз айында толық,оқу жылына ұстаздар  ерекше дайындығымен келген.Сондықтан бірден балаларды реттеп, монтиринг арқылы сыныптарды алып, 1 кіргенде 10 бала кіреді,өйткені  10 балаға арналған комплект сол 10 баламен сағататтарын бастап кеті.

Физика, математика, информатика пәнінен дарындылар оқитын қаладағы №25 мектеп-лицейі  де демеушілердің көмегімен жаңа сыныпқа ие болып, бүгінде игілігін көріп жатыр.Кәсіпкерлер ел болашағына салынған қаражат міндеті түрде ақталатынына сенімді.

Юрий Овчинников, тау-кен өндіруші кәсіпорынның ди⁠ректоры:

- Болашағымызға инвестиция құйып жатырмыз ғой. Еліміздің болашағы үшін. Өскелең ұрпақ заманға лайық білім алып, келешекте білікті маман болуы керек. Бұл біздің мекемеміз үшін де маңызды.

Өңірде жастардың тек өз елімізде білім алып,қызмет етуін мақсат тұтқан «Білікті маман» жобасы да сәтті іске асуда.  Мәселен, биыл  мектеп бітірушілерге республикалық гранттан бөлек  тегін білім алу мүмкіндіктері берілді. 450 түлекке облыстық бюджеттен  қосымша грант бөлінді, бұл былтырғыдан екі есе артық көрсеткіш.

Авторлары: Э.Ахметова. Д.Пыхтин

Осы категория бойынша: « Қостанайлық оқушыларға робот сабақ береді Астанада ШЫҰ елдерінің білім министрлері кездесу өткізді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы