364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада ШЫҰ елдерінің білім министрлері кездесу өткізді

  • 277
  • UPD: 18:22, 17.10.2018

Үндістан, Пәкістан және Өзбекстанның жоғарғы оқу орындары Шанхай ынтымақтастық ұйымы университеттерінің жобасына қосылды.

Астанада өткен ұйымға мүше мемлекеттердің білім министрлерінің кездесуінде осындай келісімдер жасалды. Бұған дейін халықаралық білім базасында 79 жоғарғы оқу орны болған. Осы магистрлік бағдарлама бір уақытта екі жоғарғы оқу орнында білім алуға мүмкіндік береді. Қос магистратура бағдарламасының аясында жеті бағыт бойынша білім алады. Айта кетейік, кеңестің келесі отырысы Ресейде өтеді.

Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі: 

- Біз жыл сайын студент алмасамыз. Осы жылы біздің елімізде 18 мың шетелдік студент оқып жатыр. Олардың көпшілігі ШЫҰ мүше мемлекеттерден. Бүгін біз Үндістанның білім министрлігімен келістік. Олардан медицина мамандарын қабылдап, ал бізден IT докторанттар мен магистранттарды жібереміз. Бұл жұмыс бұдан былай да жалғасатын болады.

Елена Ефремова, РФ ШЫҰ білім беру бойынша сараптамалық жұмыс тобының төрайымы:

- ШЫҰ Университетінің студенттері көбінесе қос дипломды бағдарлама арқылы Ресей, Қытай және Қазақстандағы оқу орындарын таңдайды. Бір жарым мыңнан астам студент Ресейде магистерлік бағдарламаны аяқтады. Көрші ел осы ұйымға мүше елдердің оқитын жастарына орындар бөледі. Осы жылы Қазақстаннан 100-ге жуық адам келеді деп күтіп отырмыз.

Осы категория бойынша: « Өскемендік оқушылар робот құрастыру пәнін ерекше ынтамен оқып жүр Ғалымдар шылым шегуден вакцина ойлап тапты »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы