364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ғалымдар шылым шегуден вакцина ойлап тапты

  • 275
  • UPD: 16:02, 19.10.2018
Ғалымдар шылым шегуден вакцина ойлап тапты Hi-News.ru

Енді шылым шегумен бас тарту үшін ұзақ әрі азапты әрекеттерден толығымен бас тартуға болады.

Скриппс институтының микробиологтары мен химиктері шылым шегуге қарсы ерекше вакцина ойлап тапты. Зерттеу нәтижесінде вакцинаны жеке ақуыздардың синтезін қадағалайтын ерекше құрамды ағзаға енгізген уақытта никотин ағзадан толықтай шығарылып, адам оның жанама әсерлерінен құтылатыны анықталған, деп хабарлайды Science Advances.

Ғалымдар тапқан және өзгерткен NicA2 ферменті адамның немесе жануардың денесіне түскен никотинді абстиненттік синдром басталғанға дейін толық жойып жіберуге қауқарлы.

Ғалымдар ағзаға одан да күшті әсер ету үшін NicA2-J1 ферментін құрастырды. Оның бірінші ферменттен айырмашылығы – бір қабылдағаннан никотинге тәуелділікті түбегейлі жойып жібереді.

Кеміргіштерге жүргізілген лабораториялық зерттеу аяқталғанда көп уақыт бойы никотин араластырылған суды ішкен тышқандар никотиндік тәуелділіктен толығымен айыққан.

Осы категория бойынша: « Астанада ШЫҰ елдерінің білім министрлері кездесу өткізді Диплом алу үшін түлектің жұмысқа орналасқаны туралы анықтама талап етілмейді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы