365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Диплом алу үшін түлектің жұмысқа орналасқаны туралы анықтама талап етілмейді

  • 309
  • UPD: 11:16, 19.10.2018

«Диплом алу үшін түлектер жоғарғы оқу орнына өзінің жұмысқа орналасқаны туралы анықтама әкелу керек» деген заңнамалық талап жоқ.

Мемлекеттік емтихан тапсырып, дипломын сәтті қорғаған әрбір студент кәсіби мамандық иесі атанғаны жөніндегі негізгі құжатын алуға толық құқылы. Білім және ғылым министрлігі басқармасының бас сарапшысы Бақытжан Биекованың пікірі осындай. Оның айтуынша, түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші Азаматтарға арналған үкімет жүйесі арқылы зейнетақы аударымдары арқылы нақтыланады.

Айта кетейік, министрлік дерегіне сәйкес, жыл сайын ЖОО түлектерінің 60-70 проценті оқыған мамандығы бойынша жұмысқа орналасады.

Бақытжан Биекова, ҚР Білім және ғылым министрлігі басқармасының бас сарапшысы:

- Заңнамалық түрде жоғары оқу орындарының түлектерінен анықтама сұрау жұмыс орны туралы ол заңнамалық түрде бекітілмеген. Министрліктің жүргізетін мониторингі ол жалпы көрсеткішті көрсетеді, зейнетақы төлемдері бар ма, жоқ па, яғни ол жұмысқа орналасқан ба орналаспаған ба?

Осы категория бойынша: « Ғалымдар шылым шегуден вакцина ойлап тапты Қарағандылық жас ғалым ұсынған әдіс отандық өндірісте қолданылып жүр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы