389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандылық жас ғалым ұсынған әдіс отандық өндірісте қолданылып жүр

  • 882
  • UPD: 11:14, 19.10.2018

Елімізде түрлі салаларда қызмет етіп, ел дамуына сүбелі үлес қосып отырған жастар көп. Жаңалық енгізуге жаны құмар, болашақ ғалымдар да аз емес.

Солардың бірі қарағандылық ферроқорытпа зертханасының меңгерушісі Ербол Шабанов.

Ербол Шабанов 30-да. Жас болғанына қарамастан ол ғылым саласында үлкен жетістіктерге жетті. Қазір Ербол Қарағандыдағы жоғарғы оқу орындардардың бірінде ғылыми зертхананы басқарып отыр. Жақында ол «Нұр Отан» партиясы ұйымдастырған Нуринтек сайысының жеңімпазы атанды. Металлург мамандығын игерген азамат қазылар алқасының назарына көмір мен ферроқорытпа қалдықтарынан алюминий, хром сынды металдарды өндірудің жаңа әдісін ұсынды.

Ербол Шабанов, Ж.Әбішов атындағы ХМИ ферроқорытпа зертханасының меңгерушісі:

- Ғылым жолы ауыр жол. Күнделікті жұмысым ХМИ жаңа технологиялар зерттеліп жатады. Өйткені еліміз кенге бай. Өндіріс қалдықтары көбейіп бара жатыр. Осының бәрін өндіріске алып келіп, тауар алуға біздер осындай технологиялар ойлап табамыз. 

Ербол ойлап тапқан әдісті қазірдің өзінде зауыттағы өндірісте қолдануға болады. Бірнеше кәсіпорын жас ғалымның еңбегіне қызығушылық танытуда. Болашақта Ербол зерттеулерін қағаз бетінде қалдырмай, міндетті түрде қолданысқа енгізуді жоспарлап отыр. Ел жастарын бұл салада жұмыс істеп, ғылыми зерттеулерді жүргізуге шақырады.

Ербол Шабанов, Ж.Әбішов атындағы ХМИ ферроқорытпа зертханасының меңгерушісі:

- Жастарға айтарым: табанды еңбек ету керек. 2009 жылы келгенде институтты бітірп, 28-30 мың айлыққа жұмыс жасадым. Қадалған жерінен қан алады дейді ғой. Түбіне жеттім деп ойлаймын. Әрине әлі де үйренетін заттар көп. Жатсарға айтарым-ақша қумау керек. Жас кезде жұмыс жасау керек. 

Ерболдың айтуынша, Қазақстанда жоғары білім алып, ғылымды дамытуға барлық мүмкіндік бар. Тек қажырлы еңбек еткендер бұл салада биік белестерден көрінеді.  

Авторлары: Дариға Ташенова, Ануар Тәуекелов

Хабар 24 телеарнасы