364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде алғашқы отандық электр қуаттандыру станциясы іске қосылды

  • 296
  • UPD: 15:35, 19.10.2018

Елімізде алғашқы отандық электр қуаттандыру станциясы іске қосылды. Аталған станцияны Ақтаудағы Шахмардан Есенов атындағы мемлекеттік университетінің оқытушылары жасап шығарған. 

Ғалымдар бұл жаңалықтарын жүзеге асыру үшін 1 жыл уақыттарын жұмсапты. Отандық құрылғы шет мемлекеттерден тасымалданып жатқан станцияларға қарағанда анағұрлым арзан. Қазір оқу орнының алдына осындай екі станция қойылды. Болашақта оның санын көбейту жоспарлануда. Себебі мұнайлы өңірде тоқпен жүретін көліктердің саны артып келеді. Өткен аптада ғана 5 бірдей электробус іске қосылып, жолаушыларды тасымалдай бастаған еді.

Берік Ахметов, Ш.Есенов атындағы мемлекеттік университет ректоры:

- Әзірше бізде 2 зарядтау станциясы. Біріншісін университетке, екіншісін халыққа қойып қойдық. Ары қарай бұл зарядтау станциясын әкімдікке, басқа да тұлғаларға ұсынамыз. Бұл деген шетелдік аналогтарға қарағанда 5 есе арзан және отандық өнім. Сондықтан ары қарай оның коммерциялық потенциалын қарастырамыз.

Осы категория бойынша: « Қарағандылық жас ғалым ұсынған әдіс отандық өндірісте қолданылып жүр Мысырда араб тілін үйрену курстарына құжат қабылданып жатыр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы