Мысырда араб тілін үйрену курстарына құжат қабылданып жатыр
- 478
- UPD: 20:41, 19.10.2018

Астана қаласындағы Мысыр Араб Республикасының елшілігі 4 қарашадан 2 желтоқсанға дейін бакалавриат студенттеріне арналған араб тілін үйрену курсына құжаттар қабылдай бастады, деп хабарлайды Bolashak.gov.kz.
Аталған курсқа Қазақстанның 2 үміткері мен 1 алмастырушы студенті қабылданады. Үміткерлерден құжатының көшірмесі мен медициналық анықтама талап етіледі. Олар 20 қазанға дейін қабылданады. Стипендияда барып-қайтатын ұшақ билеттері мен орналастыру және ішкі көлік тасымалы т.б. шығындар қамтылады. Құжат қабылдау мерзімі аяқталуға тақап қалғанына байланыста 8 (7172) 28 60 67, 24 18 30 телефондары арқылы тікелей елшілікке хабарласуға болады.